AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Құрылыс және тағы да құрылыс»: Ақтөбеде 5 мың оры...

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

Спорт Бүгін 08:00 42
«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz

Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады. Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысында халықтың қажеттілігін 73,2%-ға қамтамасыз етіп отырған 770 спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірде 31 жаңа кешен пайдалануға берілді. Алайда қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктеме әлі де жоғары, бұл тұрғындарға арналған жаттығу бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін шектеп отыр. 

Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың м2 асады. Нысан отандық құрылыс материалдарын пайдалана отырып салынуда. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған: 

  • халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 5 мың орындық негізгі арена;
  • олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні;
  • спорттық және көркем гимнастикаға арналған арнайы жаттығу залдары;
  • спорттық ойын түрлеріне (баскетбол, волейбол, футзал) арналған залдар;
  • йога және пилатеспен айналысуға арналған сауықтыру залдары.

Кешеннің жаттығу залдары кәсіби спорт жабдықтарымен жарақтандырылады. Оларды сатып алуға да Инфрақұрылымды дамыту қорынан қаражат қарастырылған. Спортшыларды даярлауға отандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту жоспарлануда.

Жобада кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кешеннің барлық негізгі аймағына, соның ішінде көрермендер трибуналарына, киім ауыстыратын бөлмелерге, бассейн мен жаттығу залдарына, сондай-ақ кіреберістер мен нысан аумағына кедергісіз қатынау мүмкіндігі қарастырылған.

Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін өтеуге, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері елімізде 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 69 нысанның құрылысы аяқталды, оның 51-і ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін тағы 52 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өңірдің спорт инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #спорт #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

Бүгін 02:00

Ұлттық өнердің Сәулесі

Кеше 21:07

Сирек кездесетін тамыр патологиясы бар қазақстандық балалар енді шетелге шықпай-ақ Қазақстанда емделе алады

Кеше 20:37

ЕЭК Кеңесі агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігін және органикалық өнімді тану туралы келісім жобасын мақұлдады

Кеше 19:45

Мирас Нысанәлиев Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);