AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай сайлауы қатаң заң талаптарына сәйкес өткі...

Құрылтай сайлауы қатаң заң талаптарына сәйкес өткізілді – Бас прокуратура

Құрылтай 26.08.2026, 12:31 218
Құрылтай сайлауы қатаң заң талаптарына сәйкес өткізілді – Бас прокуратура
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әкімшілік құқық бұзушылықтың небәрі 2 құрамы бойынша 15 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында прокуратура органдары өткен Құрылтай депутаттары тарихисайлауының барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етті.

Сайлау науқанын жалпы алғанда, кандидаттарды ұсыну және партиялық тізімдерді тіркеу, үгіт жүргізу және дауыс беру процестерін қоса алғанда, құқықтық алаңда, тілектестік пен тыныштық жағдайында өтті.

Сайлау комиссиялары тарапынан бұзушылықтар, бюллетеньдерді заңсыз беру, басқа адамдар үшін дауыс беру және бюллетеньдерді тастау фактілері болған жоқ.

Сондай-ақ аккредиттелген байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен жанжалдар, оларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберу фактілері және қоғамдық тәртіптің өзге де өрескел бұзушылықтары тіркелген жоқ.

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің бүкіл кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылықтың небәрі 2 құрамы бойынша 15 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, бұл – 3 заңсыз сауал салу фактісі және 12 факт - оған тыйым салу кезеңінде үгіт жүргізу.

Салыстыру үшін, 2023 жылғы сайлауда әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 құрамы бойынша сайлау заңнамасын бұзудың 69 фактісі орын алған еді.

2026 жылдың осы электоралдық кезеңінде прокурорлармен барлығы 12 өтінішті қаралды.

Олардың әрқайсысы бойынша түсіндірме сипатындағы жауаптар берілді.

Барлық өтініштер партиялық тізімдерді тіркеу және үгіт жүргізу мәселелеріне қатысты болды.

Құқықтық ахуал 2023 жылғы наурыздаөткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында мүлде өзгеше болды.

Сол кезде прокуратура органдары 113 өтініш пен шағымды қарады, яғни биылғыдан 9 есе көп.

2023 жылғы сайлау науқаны кезеңінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сот органдарына 82 талап арыз берді, ал биыл, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттар соттарға жүгінген жоқ.

Келтірілген деректер уәкілетті органдар мен прокуратураның «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты шеңберінде жүргізген ауқымды түсіндіру және профилактикалық жұмысының тиімділігін растап қана қоймай, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетінің сапалық тұрғыдан артқанын да айқын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Бүгін 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Бүгін 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Бүгін 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);