конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон ө...

Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр

Құрылтай Бүгін 10:11 83
Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр

Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін, 23 тамызда, ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады.

Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады.

Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда.

Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады. Негізгі сахнада қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіреді. Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы көрермендерге Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері, сондай-ақ елдің негізгі статистикалық деректері таныстырылады.

Сайлау науқанын жан-жақты жариялауға ерекше назар аударылған. АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай және Бельгиядан, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылды. Әр екі сағат сайын көрермендерге шетелдегі дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат ұсынылады.

Сайлау барысы туралы ресми ақпарат екі алаңнан беріледі. Орталық сайлау комиссиясының алаңында ресми статистикалық мәліметтер мен дауыс беру барысы туралы ақпарат жарияланады. Ал Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халықаралық байқаушылардың пікірлері мен бағалаулары ұсынылады.

Марафон бағдарламасына танымдық және мотивациялық форматтар да енгізілген. Күні бойы өз саласында жетістікке жеткен азаматтар мен қоғамдық белсенділер 5–7 минуттық шағын дәрістер барысында өз тәжірибелерімен бөліседі.

Дискуссиялық алаңда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени тақырыптар талқыланады. «Экспресс-камера» форматы арқылы көрермендердің сауалдары жедел жинақталып, қысқа сұхбаттар жүргізіліп, азаматтардың пікірлері ұсынылады. Сонымен қатар марафон аясында викториналар мен ойын-сауық форматындағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Марафонның тағы бір бағыты – «Қарқынды құрылыс» жобасы. Оның аясында тілшілер ел аумағында салынып жатқан маңызды нысандардан арнайы репортаждар дайындап, құрылыс жұмыстарының ауқымын көрсетеді.

Марафон барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей қосылымдар ұйымдастыру жоспарланған. Көрермендер үш мегаполистің тыныс-тіршілігімен танысып, қалалардың көрікті жерлерінен репортаждарды тамашалайды. Сондай-ақ тұрғындармен және түрлі салалардың өкілдерімен сұхбаттар ұсынылады.

Жалпыұлттық онлайн-марафон – қоғамды Құрылтай сайлауының барысы туралы кең көлемде ақпараттандыруға және өзекті қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық әрі мәдени мәселелерді талқылауға арналған ауқымды медиажоба.

Медиажоба тек сайлау процесін жариялаумен шектелмейді. Эфир барысында қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері талқыланып, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдіреді. Көрермендерге елдегі негізгі реформалар таныстырылып, шетелден қайтарылған миллиардтардың қай бағыттарға жұмсалып жатқаны туралы ақпарат беріледі. Заңның іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні және цифрлық қауіпсіздіктің не себепті әр азаматқа қатысты екені де талқыланады.

Жалпыұлттық онлайн-марафон республикалық және өңірлік медиаресурстардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Іс-шара барысында жедел жаңалықтар мен маңызды ақпарат «Онлайн-марафон – 2026» Telegram-арнасында жарияланып отырады.

Жалпыұлттық онлайн-марафонның тікелей эфирін 38 YouTube арнасынан, оның ішінде 14 республикалық және 14 өңірлік телеарнаның YouTube арналарынан, сондай-ақ 10 ақпараттық порталдан көруге болады.

Жалпыұлттық онлайн-марафонның тікелей эфирін төмендегі сілтемелер арқылы тамашалауға болады:

YouTube
https://www.youtube.com/live/fdiuUl8c_WA?si=v2AXr3CPyz5jcEtg

Facebook
https://www.facebook.com/share/v/1ExuiTvxhB/

Instagram

https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/17987331689950875

TikTok
https://vt.tiktok.com/ZS9koNdjwEgko-Fjv4d/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтық борыш пен үздіксіз қызмет: «Алматы су» МКК қызметкерлері дауыс беруге белсене қатысып жатыр

Бүгін 11:05

Алматыда әнші Мақсат Базарбаев сайлауға қатысып, дауыс берді

Бүгін 11:02

Ұрпақ сабақтастығы: Алматыдағы Құрылтай сайлауында бір отбасы түгелдей дауыс берді

Бүгін 11:00

Алматы метрополитенінің қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысып, таңдау жасады

Бүгін 10:59

Алматыда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дауыс берді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);