конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай - 2026: «Заң мен тәртіп» тақырыбына теле...

Құрылтай - 2026: «Заң мен тәртіп» тақырыбына теледебат өтті

Құрылтай Бүгін 17:51 76
Құрылтай - 2026:  «Заң мен тәртіп» тақырыбына теледебат өтті
Сурет: ҚР ОСК

Дебат төрт кезеңнен тұрды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

12 тамыз күні Jibek Joly телеарнасында жеті партиядан 14 спикер қатысқан командалық теледебат өтті. Әр партиядан екі өкілден қатысты. Дебат төрт кезеңнен тұрды. Бірінші раундта партиялар өз ұстанымдарын таныстырып, бәсекелестерінің бағдарламаларына баға берді. Екінші кезеңде олар Jibek Joly, Silk Way және Kazinform журналистерінің, сондай-ақ WhatsApp арқылы сұрақ жолдаған көрермендердің сауалдарына жауап берді. Үшінші раундта қарсыластар арасында тікелей пікірталас өтті. Ал қорытынды «Уәде» раунды партиялардың сайлаушылар алдындағы міндеттемелеріне арналды.

Дебатқа партиялар атынан мына өкілдер қатысты: «Ақ жолдан» – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин, ЖСДП-дан – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова, «Әділеттен» – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев, Қазақстанның халық партиясынан – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова, «Ауылдан» – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурықов, «Байтақтан» – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев, Respublica-дан – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

«Ақ жол» және Respublica партияларының өкілдері арасында жеке пікірталас өрбіді. Олжас Құспеков талқыланып жатқан шараларды сынға алып, олардың шағын бизнеске түсетін жүктемені арттыруы мүмкін екенін айтты. Динара Шүкіжанова ЖСДП өкілінің ірі жер иеленушілерге қатысты сұрағына жауап бере отырып, жеке меншікті қорғау және рейдерлік мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл қағида ірі агроқұрылымдарға да, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылуы керек. Сондай-ақ Құспеков партияның Мәжілістегі фракциясы бастамашылық еткен букмекерлік кеңселердің жарнамасына қойылған шектеуді еске салды.

«Әділет» партиясының өкілдері заңның үстемдігі мәселесіне басымдық берді. Мәди Мырзағараев бірінші раундта сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партия ұстанымын таныстырды.

Қазақстанның халық партиясы өкілі Ирина Смирнова жауапкершілік пен конституциялық құқықтарды қорғаудың арақатынасы туралы сұрақ қойған кезде, Айжан Аймағанова сот тәуелсіздігін, адам құқықтарын қорғауды және құқық қорғау органдарына қоғамдық бақылау орнатуды қолдайтынын айтты. Жолдағы камералар мәселесін ол құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілікке қатысты тәсілдермен байланыстырды.

«Ауыл» партиясынан дебатқа Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурықов қатысып, талқыланған мәселелер бойынша партияның ұстанымын таныстырды.

«Байтақ» партиясының кандидаты Амалбек Өміртай кезегі бойынша алтыншы болып сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидасы ірі бизнеске де бірдей қолданылуы керектігін айтты. Оның сөзінше, өндіріс көлемі неғұрлым ауқымды болса, оның жауапкершілігі де соғұрлым жоғары болуы тиіс.

Ол сондай-ақ жолдардың сапасы мәселесін көтеріп, ресми статистикаға сәйкес, жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан шамамен 2,5 мың адам қаза табатынын, олардың басым бөлігі сапасыз жол учаскелерінде болатынын атап өтті. Амалбек Өміртай жергілікті атқарушы органдар, полиция және жолдарға қызмет көрсететін компаниялар арасында жауапкершілікті бөлуді ұсынды.

Қазақстанның халық партиясының өкілі Ирина Смирнова «Байтақ» партиясы өкілінің сұрағына жауап бере отырып, азаматтардың көзқарасы мен ұстанымына қарамастан, Қазақстан халқының бірлігі мәселесін көтерді. ҚХП-ның екінші өкілі Жандос Бидайбеков тәртіпті қамтамасыз ету мәселесін учаскелік полиция инспекторларының еңбек жағдайларымен байланыстырды.

ЖСДП кандидаттары Нұрайнаш Камалова мен Лариса Ли пікірталас барысында қарсыластарының бірінің сұрағына жауап беріп, дебат тақырыбы бойынша партияның ұстанымын таныстырды. Қорытынды сөзінде өздерінің пікірталастағы сөздеріне тоқталып, негізгі ұстанымдарын түйіндеді.

Jibek Joly телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстанның қоғамдық даму институты өткізген көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысында ең көп дауыс «Әділет» партиясына берілді – 60,6%. Екінші орында «Ауыл» – 15,1%, үшінші орында Respublica – 10,2% болды. Одан кейін ЖСДП – 3,9%, «Ақ жол» – 3,5%, Қазақстанның халық партиясы – 3,3% және «Байтақ» – 2,7% орналасты. Дауыс бергендердің тағы 0,7%-ы «Ешқайсысы ұнамады» деген нұсқаны таңдаған.

Ұйымдастырушылар онлайн сауалнама нәтижелері партиялардың электоралдық қолдау деңгейін көрсетпейтінін, тек көрермендердің дебат барысындағы нақты сөз сөйлеулерге берген бағасын білдіретінін ерекше атап өтті.

Осылайша, сайлауалды күн тұрғындардың өтініш-тілектерін жинау, кәсіпорындардағы кездесулерден бастап, телевизиялық дебаттар мен халықаралық байқаушылармен байланысқа дейінгі бірнеше түрлі форматты қамтыды. Бұл ретте өңірлік күн тәртібі де нақты мәселелерге арналды. Партиялар инфрақұрылым, еңбек жағдайы, өндіріс, білім беру, экология және әлеуметтік мәселелерді талқылады. Ал кешкі теледебатта құқық пен кәсіпкерлік мәселелері бойынша тікелей пікірталасқа жол ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Бүгін 18:41

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін 18:02

Алматыда QAZAQ med travel медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды

Бүгін 17:56

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Бүгін 17:45

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Құрылтай сайлауына қатысты Конституция нормалары талқыланды

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);