AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QURMET пен KETTİK33: теміржолда жаңа жеңілдік карт...

QURMET пен KETTİK33: теміржолда жаңа жеңілдік карталары іске қосылды

Әлеумет 03.02.2026, 09:18 454 dulatbekova
QURMET пен KETTİK33: теміржолда жаңа жеңілдік карталары іске қосылды
Суреттер: Rail-news.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Rail-news.kz-ке cілтеме жасап

Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті.

Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны - 3000 теңге, жарамдылық мерзімі - сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі.

Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды.

Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады:

•             2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;

•             2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы;

•             маусым–тамыз айлары.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол #жеңілдік карталары #Жолаушылар тасымалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);