AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Ж...

Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Жеңіс парадына қатысуға елордаға жетті

Әлеумет 11.04.2025, 16:20 802 dulatbekova
Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Жеңіс парадына қатысуға елордаға жетті
Сурет: Gov.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының салтанатты есептобына ең лайықты деген курсанттар іріктелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге қатысу үшін әскери институттың 127 курсанты мен екі офицері Астанаға келді. Оқу орнының саптық плацында үш ай бойы күн сайын қарқынды жаттығулар өткізілді. Енді саптық тәсілдерді одан әрі шыңдау елорданың жаттығу алаңдарында жалғасады. 

Әрбір курсант әскери шеруге қатысуды болашақ офицердің өміріндегі маңызды кезең екенін жақсы түсінеді. Бұл жай ғана жаттығу немесе кәсіби дайындықтың көрінісі емес. Еліміздің бас алаңында әскерлердің салтанатты сап түзеуі Ұлы Отаны соғысы майдандарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымызға құрмет болмақ.

Мәселен, курсанттар Руслан Дарханов пен Алмас Айтқанның аталары Дархан Мыңбаев пен Оразай Мұсақов майдангерлер. Бірі Украина, енді бірі Калинин майданында соғысқан. Екеуі де бүгінгі тарихи оқиғаға қатысу мүмкіндігін иеленгенін ерекше мақтан етеді.

Құрлық әскерлері әскери институты 3-батальонының командирі подполковник Жасұлан Сейітқазин екінші, үшінші курс курсанттары Жеңіс шеруіне қатысушылар ретінде оқу орнының тарихына енеді деп есептейді. Ол қарамағындағылар өз міндеттерін сәтті орындайтынына сенімді, өйткені Жеңіс шеруіне қатысу – көптің арманы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрлық әскерлері #Курсанттар #парад #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Парламентте жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданды

Бүгін 12:12

 Almaty Hub-та Waze және Moovit негізін қалаушы Uri Levine воркшобы басталды

Бүгін 11:57

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);