AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс»...

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады

Саясат Бүгін 12:15 27
Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген пікірінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында айтылған бастамалардың маңызына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, «Халықтық құрылыс» жобасы ұлттық экономиканы дамыту үшін ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру тұрғысынан да маңызды.

«Бүгінде экономиканың дамуы көбіне инфрақұрылымның жағдайына байланысты. Сонымен қатар ұлттық экономиканың маңызды ресурстарының бірі – адами капитал. Осы тұрғыдан алғанда, медициналық мекемелер мен мектептерді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жаңғыртуды көздейтін жобаны жүзеге асыру маңызды қадам болмақ», – деді Нұрболат Нышанбай.

Саясаттанушының атап өтуінше, ұзақ мерзімді перспективада бұл бастама қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты алшақтықты азайтуға ықпал етуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру салаларында бірыңғай стандарттарды енгізу еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады.

Сонымен қатар өңірлердегі тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңарту логистиканы дамытуға және аумақтардың экономикалық әлеуетін нығайтуға да оң әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық сарапшы Оралбек Карим: ең төменгі жалақыны арттыру отандық өндірісті дамытумен қатар жүруі тиіс

Бүгін 12:20

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Бүгін 11:39

Қазақстанда әскери барлау қызметінің құрылғанына 34 жыл толды

Бүгін 11:15

Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:22

Абай облысының фермерлері Алматыға арзандатылған бағамен 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);