AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құнды жәдігерлер

Құнды жәдігерлер

Әлеумет 04.06.2023, 06:18 1,447 Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің аға сарапшысы Нұрлан Тоқсабаев
Құнды жәдігерлер
Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде мемлекеттік рәміздердің дайындалу тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар сақталған. 90 жылдардың басында-ақ елдіктің тірегі мемлекеттік рәміздер туралы жобалармен жанталасып айналысқан идеялогиялық белсенді топ пен белгілі ғалымдарымыздың әрекеттері бүгінгі буын үшін ерлікке пара-пар. Академик Манаш Қозыбаевтың 1990 жылы 18 маусымда жазған елдің Гимні мен Елтаңбасын ауыстыру керектігі туралы хаты Президент Архивінің құнды жәдігерінің бірі деп есептейміз. Бұл хатта ол жеке басқа табыну кезінде жазылған, кеңестік идеялогияны көксеген рәміздерден бас тартып, жас мемлекеттің жаңа Гимнін жариялау ең маңызды мәселе деп бастама көтереді.
1992 жылы мемлекеттік рәміздердің жобасын таңдау үшін байқау жарияланады. Мемлекеттік Тудың 453 нұсқасы, Елтаңбаның 245, Гимннің 51 музыкалық және 132 мәтіндік нұсқасы ұсынылған. Онда бүгінгі Елтаңбамыздың авторы Ж. Мәлібеков, Тудың авторы Ш. Ниязбеков, алғашқы Гимннің музыкасының авторлары М. Төлебаев, Е. Брусиловский және Л.Хамиди және үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев және Ж. Дәрібаева жеңіп шықты. 1992 жылғы 4 маусымда «Мемлекеттік Ту туралы», «Мемлекеттік Елтаңба туралы» және «ҚР Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары бекітілді. Бұл нұсқалардың барлығы ҚР Президенті Архивінің қорында мемлекеттік сақтауды орналасқан.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік Гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. 2006 жылы қалың бұқараның талқылауы нәтижесінде Ш. Қалдаяқов пен Ж. Нәжімеденовтің 1956 жылы жазған «Менің Қазақстаным» әнінің нұсқасы Әнұран ретінде ұсынылды, мәтінге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзгертулер енгізді.
1996 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңмен үш рәміздің барлығы бір заң актісіне біріктірілген болатын. Кейіннен 2007 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы №258-ІІІ Конституциялық заң қабылданып, алдыңғы заңдар күшін жойған болатын.
Мұнда мемлекеттік рәміздердің түр, сипаттары мен мәртебелері нақтылап жазылып, заңмен қорғалатыны, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі заңның қосымшалары арқылы баяндалған.
Архив қорында осы құнды құжаттардың қатарында мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қатысқан барлық белсенді азаматтардың ұсыныстары, кәсіби суретшілердің эскиздері, заңнамалық актілер, арнайы комиссияның шешімдері мен сараптамалық қорытындылары, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің хаттары да сақтаулы тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рәміз #ту #әнұран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);