ҚСЗИ директоры: жаңа Конституциядағы діннің мемлекеттен бөлінуі – бұл қоғамның көп жылғы сұранысына берілген жауап

ҚСЗИ директоры: жаңа Конституциядағы діннің мемлекеттен бөлінуі – бұл қоғамның көп жылғы сұранысына берілген жауап Сурет: web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігіКонституциялық реформаны қолдап отыр.Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерденжеке әл-ауқаты мен жалпы өмір сүру сапасының жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚРПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтыныңдиректоры Жандос ШаймардановКонституциялық комиссияның кезектіотырысында хабарлады.

Жандос Шаймарданов ауқымды реформабойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей керібайланыс алумен қатар жүргенін еске салды.

Мәселен, Конституциялық комиссияныңжұмысы басталған кезде азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнанастам бастамашыл ұсыныстар келіп түскен.

ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашықжариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқаұласты. eOtinish платформасы арқылыөтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4мыңнан асты.

«Азаматтардың сұрақтары менбастамаларын тұтастай алғанда үш негізгібағыт бойынша топтастыруға болады, оларжүргізіліп жатқан реформаның сындарлы жәнеоң қабылданып жатқанын көрсетеді», депатап өтті ҚСЗИ директоры.

Оның айтуынша, қоғамда Ата заңдықабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен, азаматтардыңедәуір бөлігі үшін Конституция билікоргандарының өкілеттіктерін реттейтін заңдықұжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын, дамупринциптерін белгілейтін негіздемелік мәтінретінде қабылданып отыр.

«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, оларконституциялық нормалардың қолданбалымаңызы болады, күнделікті өмірге, әлеуметтікәділеттілікке және мемлекеттік шешімдердіңсапасына әсер етеді деп күтуде», - дедіЖандос Шаймарданов.

Ол ұсыныстардың екінші топтамасындақұқық пен әділеттіліктің үстемдігі қағидаттарыннығайтудың, сондай-ақ институттарға деген сенім мен бәрінің заң алдындағы теңдігініңнегізі ретінде «Заң және Тәртіп» тәсілін дәйектітүрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты.

«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата Заңадамның құқықтары мен бостандықтарыныңбасымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудыңтүсінікті және бірыңғай ережелерінқалыптастыратыны шешуші мәнге ие.Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығымен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімдіқамтамасыз ететін құрал ретіндеқарастырылады», - деді ҚСЗИ директоры.

Сонымен бірге ол мүдделер теңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары менбостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелермен ұлттық заңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.

«Сондай-ақ бірқатар азаматтар мемлекеттіктілдің мәртебесі туралы мәселеге назараударуда. Жаңа Конституция жобасында қазақтілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілген», -деп атап өтті Жандос Шаймарданов.

ҚСЗИ директорының айтуынша, пікірталастың тағы бір бағыты мемлекет пенбілім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту.

«Көптеген жылдар бойы қоғамда дінніңмемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты. Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция діндімемлекеттен бөлуді ұсынады», деді ол.

Жаңа Конституцияның жобасындазайырлылық ғылымға, инновацияға жәнеадами капиталды қалыптастыруға басымдықберетін заманауи білім беру жүйесіндамытудың қажетті шарты ретінде белгіленді.

«Қоғамдық пікір» институты жариялағанәлеуметтану зерттеуі нәтижелері сауалнамағақатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақтылы деп санайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың едәуір бөлігіконституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқат пенөмір сапасының жақсаруымен тікелейбайланыстырады. Респонденттердің 65%ұсынылған өзгерістер олардың өміріне оң әсерететініне сенеді», - деді Жандос Шаймарданов.

Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігіреспонденттердің 78% конституциялықреформаға қолдау білдірген.

«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелерікөрсеткендей, конституциялық реформаазаматтарды кеңінен тартуға және қоғамдыққолдауға негізделген», - деп қорытындыладыҚСЗИ директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:08

18:02

17:26

17:20

17:14

17:05

16:50

16:42

16:37

16:15

16:00

15:50

15:42

15:30

15:17

15:09

14:58

14:39

14:15

14:06

12:36

12:32

12:02

11:49

11:37