Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі IQ жоғары қызмет...

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі IQ жоғары қызметкер іздейді

Өмір-өзен 04.02.2022, 16:13 1,940
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі IQ  жоғары қызметкер іздейді
Сурет: ExpertProperty

Кандидаттың жасы 35-ке дейін болуы керек.


Ведомствоның баспасөз қызметініің ақпаратына сәйкес, 7 ақпанда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне қабылдануға әлеуетті қызметкерлерді іріктеу басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Агенттік беделі мінсіз, интеллектісі жоғары, креативті ойлау қабілеті бар және еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосқысы келетін талантты жастарды жұмысқа қабылдайтынын айтты.


Қызметтен үміткер кандидаттарға қандай талаптар қойылған?


1. «Құқықтану», «Экономика және аудит», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Ақпараттық технологиялар», «Математика» және STEM-нің басқа бағыттары бойынша жоғары білімі туралы диплом;
2. Жоғары деңгейлі интеллект (IQ);
3. Жасы 35-ке дейін;
4. Бұрын құқық қорғау және арнайы органдарда қызметтен өтпегендер, сондай-ақ елдің Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша қызмет етпегендер;
5. Беделінің мінсіздігі.
* Үздік диплом, олимпиадалардың, ұлттық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары іріктеу кезінде басымдылыққа ие;


Іріктеу 3 кезеңде өтеді:


1-кезең – онлайн-анкета толтыру және барлық қажетті құжаттарды жинақтау;
2-кезең – қабілеттіліктері мен дағдыларын бағалау (IQ деңгейін тексеру, эссе жазу, уәждемелі (мотивациялық) сөз сөйлеуді дайындау);
3-кезең – Орталық аппаратта онлай-сұхбаттасудан өту.
Барлық кезеңдерден сәтті өткен азаматтар «ҚР ҚМА жас мамандары пулына»қабылданып, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқытудан өту үшін ұсынылады.



Іріктеуден кейін не күтуде?


Бұдан әрі Академияға қабылдау үшін ұсынылған үміткерлер ҚР заңнамасын білу бойынша ауызша емтихан тапсыруы тиіс.
Оқыту 5 ай бойы өткізіледі және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдарында 1 ай тағылымдамадан өтеді.
Академияда оқуды сәтті аяқтағаннан кейін түлектер ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист (B-FMO-6 санаты) лауазымдарына қызметке қабылданатын болады. Осы лауазымдардың функциялық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру кіреді.



Қызметкерлердің бастапқы жалақысы қандай болады?


Қызметкерлердің ең төменгі жалақысы (лауазымдық жалақысы) 156 мың теңгені құрайды.
Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесі лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арнаулы атағы үшін 38 225 теңгеден бастап қосымша ақылардан, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары, сыныптық біліктілігі үшін үстемеақылардан және жалақының 10-нан бастап 50%-ға дейінгі мөлшерінде басқа да төлемдерден құралады. Сондай-ақ, Жұмыс нәтижелері үшін сыйақы төлеу жүйесі қарастырылған, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, еңбек сіңірген жылдарына сәйкес 30 және одан артық күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі.


Егер Сіз өзіңізді лайықты санасаңыз:


1. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде құқық қорғау органдарына арналған заңнаманы білу деңгейіне тестіден өту керек (сілтеме).
2. Барлық қатысуға ерік білдірушілер 2021 жылғы 7 ақпаннан 7 наурызға дейін (қоса алғанда) сілтеме бойынша сауалнама толтыруы қажет.
3. HR қызметтен алдағы уақытта 2 және 3 кезеңдерді өту бойынша әрекеттерін күту. Сұрақтар, жауаптар және кері байланыс әлеуметтік желіде жүргізіледі.
 
Кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылдану кезінде құқық қорғау қызметіна атқаруға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарс шектеулерді қабылдауға дайын болуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #мониторинг #қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика