ffin.kz

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен келді

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен келді Сурет: Дереккөз

Нысандар тәулік бойы жұмыс істейді 


Мұнда ол теңіз сауда портына барды. Порт қызметкерлері паром кешені, мұнай құю айлақтары, астық және құрғақ жүк терминалдары, тиеу-түсіру кешені, Портофлот, «Баутино» жүк ауданы, оның инфрақұрылымы туралы айтып берді. Барлық нысандар тәулік бойы жұмыс істейді. Бір уақытта портта 9 кеме өңделуі мүмкін. Жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


М. Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Тиісінше  порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.



«Ақтау порты-үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. Елдегі көлік логистикасы жүйесіндегі маңызы зор», - деді кандидат.



Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, М.Қажыкеннің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.



«Жолдар-коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген жолдар бар. Мен ел аралап шықтым және бұл мәселе туралы білемін», - деп атап өтті ол.



Кандидат сонымен қатар мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, ең төменгі жалақыны ашық есептеу, экология, сапалы білім беру және қолжетімді медицина мәселелерін көтерді.
Бюджетаралық реттеудің тиімді моделін құру туралы айта келе, кандидат өңірлерде өз мәселелерінің көпшілігін өздері шешуі тиіс екенін атап өтті.



«Және олар мұны істей алады. Әкім әкімшілік орталыққа немесе Астанаға барып, мектеп салуға немесе аурухананы жөндеуге ақша сұрамауы керек. Мұндай мәселелер жергілікті жерлерде шешілуі керек. Салық ақшасының көп бөлігі аймақта қалуы керек», - деп түйіндеді ол.



Анықтама үшін:
«Ақтау теңіз сауда порты ҰК» АҚ
Ақтау теңіз сауда порты 1963 жылы Каспий теңізінің шығыс жағалауында салынған. Алғашында Маңғышлақ өңірінің уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарын дамытуды қолдау мақсатында құрылған.
Порттың құрылуы негізгі және қосалқы толқын ағындарын және бір уақытта төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды. 1969 – 1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені құрылды. Ақтау порты арқылы тасымалдың басым бөлігі мұнайға тиесілі болды – 80-жылдардың басында жылына 7 млн тоннаға дейін, ал құрғақ жүктерді тасымалдау жылына 300 мың тоннадан аспады.
Бүгінде Ақтау порты жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері бағытта жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи көп мақсатты терминал болып табылады. Оның бірнеше көлік дәліздерінің қиылысында орналасуы мемлекеттің дамуында стратегиялық маңызын арттырады.  


Штабтың баспасөз қызметінің байланыстары:
Баспасөз хатшысы Гүлмира Нұрпейісова: +77015030904,
Эл.пошта: kazhykenwork@gmail.com
Әлеуметтік желілердегі аккаунттар:
Instagram: @kazhykenmeiram
Telegram: @MEIRAMKAZHYKEN
Facebook: Мейрам Қажыкен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04