Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Премьер-Министрі Саран қаласының индустриялық ж...

ҚР Премьер-Министрі Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты

Әлеумет 08.07.2022, 10:35 1,095
ҚР Премьер-Министрі Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты
Сурет: Рrimeminister.kz

Үкімет басшысы 2022 жылдың соңында іске қосылуы тиіс «KamaTyresKZ» ЖШС жаңа шина зауытының құрылыс алаңына барды.


Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кәсіпорын жоспарлы қуаттылыққа шыққаннан кейін өнім, соның ішінде автомобильдердің бастапқы комплектациясы үшін Қазақстан нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жеткізіледі деп күтілуде. 


Содан кейін Әлихан Смайылов жылына 1200 бірлік автобус шығаратын «QazТehna» ЖШС зауытына барды. 


Бүгінде кәсіпорында мектеп автобустарын шығару жолға қойылған, олар жаңа оқу жылына қарай Қазақстанның тоғыз облысына беріледі. Сонымен қатар жыл соңына дейін қоғамдық тасымалдау үшін де автобустар шығару жоспарланған. 


Сондай-ақ Премьер-Министрге импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске қосуылуы тиіс «Meridian Company» ЖШС болашақ тұрмыстық техника зауытының жобасы таныстырылды. 


Бұдан әрі Әлихан Смайылов жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған РТБ (резеңке техникалық бұйымдар) шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді қалпына келтіру барысымен танысты. 


Жалпы, Саран қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны соңғы үш жылдық кезеңде 260%-қа ұлғайды. 2022 жылы тағы 250 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #смайылов #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика