AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР жедел жәрдем қызметіне жыл сайын 8 миллионға де...

ҚР жедел жәрдем қызметіне жыл сайын 8 миллионға дейін шақырту түседі

Әлеумет 28.12.2021, 12:05 1,251
ҚР жедел жәрдем қызметіне жыл сайын 8 миллионға дейін шақырту түседі
citysakh.ru

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР ДСМ Ұлттық  жедел медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 


Ол Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңғыртылғанын еске салды. 


Өз сөзінде Ғұмырбек Ағыбаев бүгінгі таңда республикада жедел медициналық көмек қызметі 18 дербес станция, 130 қалалық қосалқы станция және 284 аудандық бөлімшелерден тұратынын хабарлады. 


Облыстық және қалалық ЖМК станцияларында бір ауысымда 1486 көшпелі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның ішінде 290 – мамандандырылған (дәрігерлік), 1196 – фельдшерлік. Қалалық бөлімшелерде 911 бригада, аудандық бөлімшелерде 576 бригада жұмыс істейді. 
 
Жыл сайын ҚР Жедел медициналық жәрдем қызметі біздің елімізде жүрген қазақстандықтарға да, шетел азаматтарына да шұғыл медициналық көмек көрсете отырып, 7 миллионнан 8 миллионға дейін қоңырау шалады. 



«Жедел медициналық көмек жұмысының интегралдық көрсеткіші шақыруға дер кезінде келу болып табылады. Ағымдағы жылдың 11 айында кешігіп орындалған шақырулардың үлесі 4,3%-ды құрады», - деді Ғ. Ағыбаев. 



"Жедел жәрдем" станциялары, бекітілген стандарттарға сәйкес, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған, республика бойынша жарақтандырылуы – 97%. Бүгінгі күні ЖМК балансында 2 287 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның ішінде 1 410 бірлік қалада және 877 бірлік ауылда. 


Биыл 336 санитарлық көлік сатып алынды. Барлық "жедел жәрдем" көліктерінің GPS-навигациясымен жабдықталуы 100%-ды құрайды. 



Ғұмырбек Ағыбаев 2021 жылдың 11 айында республика бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 7 603 040 болғанын қосты. 1 қаңтар - 1 желтоқсан аралығында коронавирустық инфекция бойынша 354 400 шақыруға қызмет көрсетілді, оның ішінде 259 692 адам ауруханаға жатқызылды. 



Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жұмысының тағы бір бағыты 2017 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан оқу-тренинг орталығы болып табылады. Онда медициналық авиация, жедел және шұғыл медициналық көмектің қызметкерлері оқытылады. Барлық кезеңде 21 мыңға жуық тыңдаушы дайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #медцина #тікұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);