Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына...

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізілді

Медицина 22.01.2022, 05:07 1,923
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізілді
Cурет: Ашық дереккөз

Өзгеріс карантин мерзіміне байланысты енгізілді


ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 жаңа қаулысында карантин мерзіміне қатысты тәсілдер қайта қарастырылды. COVID-19 науқасымен байланыста (жақын байланыста) болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді»,-делінген хабарламада.



Мәселен, COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты болмаған кезде, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.


Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі.


ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады.


Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады.


Карантиннің ұқсас тактикасы коронавирус инфекциясының асимптоматикалық ағымы бар науқастарға да қолданылады.
(Бұрын болған: 3 тәулікке ПТР әдісімен тексеру және 14 күн ішінде карантин)


Алгоритмдерге редакциялық түзетулер енгізілді.



«Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады»,-делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#санитар дәрігер #Пандемия #коронавирус #хаттама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі