конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Қостанайда Қазақстандағы ең ірі жабық аквапарк ашы...

Қостанайда Қазақстандағы ең ірі жабық аквапарк ашылды

Құрылтай Бүгін 09:34 52
Қостанайда Қазақстандағы ең ірі жабық аквапарк ашылды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нысан бір мезетте 500-ге жуық келушіні қабылдай алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қостанайда Қазақстандағы ең ірі жабық аквапарктің техникалық іске қосылуы өтті. Жаңа нысан өңірде қалыптасып келе жатқан туристік инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып, ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Нысанның ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Оның айтуынша, жаңа нысан заманауи қалалық ортаның бір бөлігіне айналып, өңір тұрғындарының сапалы демалуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Мемлекет басшысы қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың сапалы демалысын қамтамасыз етуге үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Біздің міндетіміз – балалар мен жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейінгі тұрғындардың өңірден тыс жерге шықпай-ақ бос уақытын сапалы өткізуіне жағдай жасау», – деді Құмар Ақсақалов.

Екі қабатты кешеннің жалпы аумағы 9 мың шаршы метрден асады. Нысан бір мезетте 500-ге жуық келушіні қабылдай алады. Қысы ұзақ өңір үшін аквапарктің жыл бойы жұмыс істейтіні ерекше маңызды. Келушілер үшін аквапарк 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысын бастайды.

Кешеннің орталық бөлігінде жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрді құрайтын жеті бассейн орналасқан су аймағы бар. Мұнда жасанды толқындары бар бассейн, балаларға арналған аймақ, «Акватоник» және түрлі су аттракциондары қарастырылған.

«Осьминог» отбасылық демалыс орны ғана емес, Қостанайға еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шетелден қонақтарды тартатын жаңа қалалық көрікті орынға айналады. Нысан облыс орталығының туристік әлеуетін арттыратын ерекше нысандардың бірі болмақ.

Қостанайда туристік инфрақұрылымды дамытумен қатар, заманауи әрі жайлы қалалық орта да жүйелі түрде қалыптасып келеді. Қаланың жаңа тартылыс нүктелерінің қатарында триатлон паркі, орталық сквер және А.Байтұрсынұлы атындағы университет аумағындағы саябақ бар. Сонымен қатар саябақтар мен скверлер абаттандырылып, жаңа аллеялар, серуендеу, спорттық және демалыс аймақтары құрылуда.

Қостанайда заманауи қонақүй инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Қалада халықаралық Marriott, Novotel және Holiday Inn брендтерінің қонақүй кешендері салынады. Өңір басшысының айтуынша, іскерлік белсенділіктің артуы және жаңа инвесторлардың келуі заманауи орналастыру орындарына деген сұранысты арттырып отыр. Мұндай жобалар тұрғындар мен қонақтар үшін демалыс, қарым-қатынас және бос уақытты тиімді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірде өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

«Экономиканы дамыту, жаңа фабрикалар мен зауыттарды іске қосумен қатар, адамдардың жайлы өмір сүруіне және мазмұнды отбасылық демалысына жағдай жасау қажет. Қостанай облысында тұрғындарға да, өңір қонақтарына да қызықты болатын бірегей нысандар көп болуы керек. Осындай орындардың бірі еліміздегі ең ірі жабық аквапарк болады», – деп атап өтті облыс әкімі.

Бұл тұрғыда «Осьминогтың» ашылуы бір ғана нысанның іске қосылуымен шектелмейді. Аквапарк Қостанай облысының туристік ұсынысын толықтырып, өңірге келуге жаңа себеп қалыптастырады. Сонымен қатар облыс орталығының еліміздің әр өңірінен туристерді тартатын маңызды орталық ретіндегі рөлін күшейтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #аквапарк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Бүгін 10:05

Қарағанды облысындағы 180-нен астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады

Бүгін 09:03

Бір тәулікте Алматыда 1 632 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:32

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды

Бүгін 00:47

Жарқын, ауқымды, креативті: Алматыда дауыс беру күні қалай өтті?

Кеше 22:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);