конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-ша...

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Мұны білген жөн Бүгін 12:16 55
Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр
gov.kz

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр.

      2026 жылғы 30 шілде мен 1 тамыз аралығында Қостанай облысында еліміздің барлық өңірлерінен және шетелден 3 мыңнан астам қатысушыны біріктірген Қазақстанның ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр. Фестиваль агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін көрсету, заманауи технологияларды таныстыру, озық тәжірибе алмасу, саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін ауқымды алаңға айналды.

      31 шілдеде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Jańa Dala / Green Day – 2026» қазақстандық дала күні» демонстрациясының ресми ашылуы өтті.

      Салтанатты рәсім барысында басшылар ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан агроөнеркәсіптік кешеннің үздік қызметкерлері мен кәсіпорындарына мемлекеттік және ведомстволық наградалар, сондай-ақ жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға сертификаттар табыстады.

      Қатысушылардың ерекше назарын «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС дайындаған ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктері бар демонстрациялық алқаптар аударды. Мұнда отандық және шетелдік селекцияның перспективалы сорттары, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары және аграрлық өндіріске арналған инновациялық әзірлемелер ұсынылған.

      Фестивальдің ажырамас бөлігі заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары мен ауыл шаруашылығы жануарларының ауқымды көрмесі болды, онда жетекші отандық және шетелдік компаниялар агроөнеркәсіптік кешен үшін соңғы әзірлемелер мен инновациялық шешімдерді көрсетті.

     Фестиваль аясында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау, саланы жетілдіру және озық тәжірибе алмасу үшін ветеринариялық қызметтің, ғылыми қоғамдастықтың және салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірген "Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы сын-қатерлері мен дамуы" тақырыбында Қазақстанның солтүстік облыстары ветеринариялық мамандарының ІІ республикалық слеті өтуде.

      1 тамызда «Қостанай дала фестивалі – 2026» жұмысы жалғасады. Қатысушылар мен қонақтар үшін далалық жағдайда заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының демонстрациялық көрсетілімдері, инновациялық технологиялардың тұсаукесерлері, көрме экспозициялары, іскерлік кездесулер және басқа да тақырыптық іс-шаралардан тұратын мазмұнды бағдарлама дайындалған. Фестиваль Қазақстан мен шет елдердің агроөнеркәсіптік кешені өкілдері арасында тәжірибе алмасу, озық шешімдерді таныстыру және іскерлік байланыстарды нығайту үшін ашық алаң болып қала береді.

      «Қостанай дала фестивалі – 2026» фестивалінің өткізілуі Қостанай облысының еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растайды, заманауи технологияларды енгізуге, отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай облысы #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында Қарасу өзенінің жағалауы мен жаңа қоғамдық кеңістіктер көріктендіріліп жатыр

Бүгін 10:55

Алматыда Қытай Халық Республикасы делегациясымен әлеуметтік саясат және отбасын қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті

Кеше 19:38

Алматыда жаңа заманауи онкологиялық орталық салынады

Кеше 18:03

Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Кеше 17:23

Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);