AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Заң мен тəртіп 03.09.2025, 16:33 925
Қос азаматтық үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қос азаматтық үшін қылмыстық жазаны енгізуге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәжілістің бүгінгі отырысында қос азаматтық мәселесі көтерілді. Депутат Болатбек Нәжімеденұлының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес. Барлығы екі елдің жеңілдіктерін пайдаланып жүреді. Ал ұсталғандарға көбінесе айыппұл ғана салынады. Бірақ олар шетелге қашып, әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кетеді.

"Ондай адамдар Қазақстан азаматы ретінде өз құқықтарын біледі, бірақ міндеттерін орындамайды. Ол - азамат емес, шамаданы дайын тұрған уақытша резидент. Сондықтан қос азаматтық үшін жауапкершілікті қылмыстық жазаға дейін қатаңдату керек. Ал ішкі істер министрлігі бұл бастаманы қолдауға дайын ба?", - деді Нәжімеденұлы.

Министр Ержан Сәденов "бірлесіп жұмыс істеуге дайын" екенін мәлімдеді.

"Жалпы, дұрыс айтасыз, олардың ішінде криминал да, басқасы да болуы мүмкін. Сондықтан біз талқылауға дайынбыз. Өздеріңіз білесіздер, әрқашан сіздердің ұсыныстарыңызды қарап отырамыз. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тыныштық мәселесімен де тығыз байланысты. Сол себепті, әрине, талқылауға дайынбыз", - деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);