AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоржынымызда 11 спорт түрінен 31 лицензия бар

Қоржынымызда 11 спорт түрінен 31 лицензия бар

Әлеумет 28.03.2024, 10:50 921
Қоржынымызда 11 спорт түрінен 31 лицензия бар
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев пен Ұлттық олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.


Парижде өтетін дүбірлі додаға дайындық жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, Ұлттық олимпиада және Паралимпиада комитеттері, спорт федерациялары мен Франция елшілігінің өкілдері кіреді. 


Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаевтың сөзінше, әзірге қоржынымызда 11 спорт түрінен 31 лицензия бар. Алдағы уақытта спортшыларымыз лицензия берілетін 40-тан аса әлемдік, құрлықтық, рейтингтік турнирлерде бақ сынасатын болады. Осыған байланысты лицензиялар саны артады деп күтілуде.



«Спорт түрінің өзіндік ерекшеліктерін, әрбір спортшының физиологиясы мен қажеттіліктерін ескере отырып, жекелей дайындық жоспарлары бекітілді. Федерациялардың өтініштері бойынша ұлттық құрамаларға керекті фармокологиялық заттар мен спорттық тағамдар сатып алынады. Спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық жағынан қамтамасыз ету жұмыстары жан-жақты қолға алынып отыр», — деді Серік Жараспаев. 



Тамара Дүйсенова спортшыларға зор үміт артылып отырғанын тілге тиек етті. Осы тұста вице-премьер додада бақ сынайтындардың сапалы дайындығы үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берді.



«Елімізде мықты спорт мектептері бар. Әсіресе бокс, күрес, жеңіл атлетика секілді түрлерінен бақ сынайтындардан жұрт жүлде күтеді. Лицензияға қол жеткізген, одан үміттілермен тиісті деңгейде жұмыс жүргізілуі керек. Сондай-ақ қаржылық міндеттемелердің уақытында орындалуын мұқият қадағалау маңызды», — деп атап өтті вице-премьер.



Тамара Дүйсенова олимпиадалық резерв дайындау ісімен тұрақты айналысу қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл ретте спорт мектептері мен салалық федерациялар жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #спорт #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);