Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы туралы не бел...

Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы туралы не белгілі?

Билік 08.06.2025, 13:51 840
Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы туралы не белгілі?
Қорғаныс министрлігі

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабараламада. 

Дәурен Қосанов туралы не белгілі?

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген, 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірген.

Әр жылдары Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі, Қарағанды авиабазасы штабының бастығы, Шымкент авиабазасының командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

"Әскери ұшқыш мерген". II дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындадыБылтыр қыркүйекте Дәурен Қосанов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған еді. 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәурен Қосанов #Қорғаныс министрі #тағайындау #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика