Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы 12 жылға сотта...

Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы 12 жылға сотталды

Заң мен тəртіп 09.03.2023, 12:42 1,007
Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы 12 жылға сотталды
Сурет: ашық дереккөз

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Zakon.kz деректеріне сүйенсек, Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сот осындай үкім шығарды. Қорғаныс министрлігін басқарған экс-басшы қауіпсіздігі барынша қатаң бақыланатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады.


Сот Бектановқа қатысты толық мәлімет ұсынбады. Айтуларынша, бұл қылмыстық іс - «құпия» қаралатын істердің бірі.


Еске салсақ, Мұрат Бектанов 2021 жылдың 31 тамызынан бастап 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің лауазымында болған. 2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оған төтенше жағдай кезінде заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деген айып тағылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #министр #бұйрық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика