конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстан...

Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік ротаға инспекция жасады

Әлеумет 26.09.2024, 18:46 1,040
Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік ротаға инспекция жасады
Сурет: Gov.kz

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен инспекциялық топ қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан Фауар базасында болды. 

Қорғаныс министрінің орынбасары ұлттық контингент командирі подполковник Жігер Айыповтың баяндамасын тыңдады. Алты ай ішінде қазақстандық бітімгерлер шекара маңындағы аудандарда 168 патрульдеу жүргізген. 18 рет БҰҰ персоналын алып жүрген, сондай-ақ 13 рет жарылмаған оқ-дәрілерді залалсыздандыруға қатысқан және 30 рет медициналық эвакуация жүргізген. Сонымен қатар жедел әрекет ету топтары оқиға орнына 102 рет барған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс инистрлігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев миссия қолбасшысының орынбасары бригадалық генерал Амитабх Джамен пікір алмасты. Қазақстандық контингенттің күнделікті өмірін ұйымдастыру мен тәртіпті сақтауда басқа бөлімшелерге үлгі болатынын атап өткен ол қазақстандық бітімгерлердің кәсібилігіне жоғары баға берді.

Базаның орналасқан жерінде инспекциялық топ техниканың, қару-жарақтың жарамдылығын, құрал-жабдықтардың жалпы жай-күйін егжей-тегжейлі тексерді. Министрдің орынбасары сонымен қатар тұрғын үй-жайларды аралап, асханада тамақтануды ұйымдастыру жағдайымен танысты. Инспекция барысында ол бітімгерлік базасының аумағында орналасқан ойын алаңдары, жабық спорт залы, бассейні бар спорт қалашығын көріп шықты. Онда қызметтен бос уақытында әскери қызметшілер спортпен шұғылданады.

Естеріңізге сала кетейік, «БҰҰ күштерінің бөлінуін бақылау жөніндегі» миссиясы қолбасшысының резерв ротасы 139 әскери қызметшіден тұратын қазақстандық бітімгерлер БҰҰ мандатына сәйкес атысты тоқтату режимін қолдау жөніндегі міндеттерді орындайды.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Голан жоталары #бітімгерлік рота #инспекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);