AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы ба...

Қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы басталды

Спорт 06.12.2022, 15:00 1,415 Almaty-akshamy
Қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы басталды
Сурет: Министрлік

Біліктілік нормативтеріне қарай жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.


Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан республикалық додаға Қарулы Күштердің және күштік құрылымдардың спортшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Турнирдің ашылу салтанатына Парламент депутаттары, министрліктер мен өзге де құзырлы мекемелер өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.



– Мемлекет басшысы тұрғындардың барлық жас санатында бұқаралық спортты дамытуға, ұлт денсаулығын нығайту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Бұл тұрғыда қоян-қолтық ұрыстың барлық күштік құрылымдарда дамып жатқанын айта кеткен жөн. Ол әскери қызметшілерді шымыр етіп қана қоймай, төзімділікке, мықтылыққа үйретеді. Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке, мықты командалық рух тілеймін. Шын мықтылар жеңіске жетсін!, – деді турнирдің ашылу салтанатында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.



Жарысты Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Қорғаныс министрінің кубогында еліміздің барлық күштік құрылымдарының 15 командасы, 160-тан астам спортшысы қатысып, бағын сынайды. Ерлер сегіз, әйелдер үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.


Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке және командалық есепте айқындалады. Сондай-ақ «Үздік техникасы үшін» және «Жеңіске деген жігері үшін» жекелей аталымдары бойынша да арнайы марапаттар көзделген.


Біліктілік нормативтеріне қарай жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағы беріледі.


Қазақстанның Қарулы күштерінде қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығы бағдарламасының маңызды бөлігі екенін айта кету керек. Оны әскерлерде және өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға қорғаныс ведомствосының басшылығы тарапынан да жіті назар аударылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауынгер #Қоян-қолтық ұрысы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);