Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғамдық көліктердің жылдамдығы шектеулі болады

Қоғамдық көліктердің жылдамдығы шектеулі болады

Әлеумет 07.08.2024, 12:33 1,204
Қоғамдық көліктердің жылдамдығы шектеулі болады
Сурет: e.myrzakhanov

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ІІМ) елді мекендердегі қоғамдық көліктердің жылдамдығына қатысты жаңа талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz  Polisia.kz. сілтеме жасап

Жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және елдегі жол жағдайын жақсарту мақсатында жолда жүру қағидаларына елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың 6 мамырынан бастап күшіне енді.

Талдау көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56%-ға өскен. Тек биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алған.

Автобустардың көлемінің үлкендігі мен жолаушылардың көп шоғырлануына байланысты олар басқа көліктермен салыстырғанда қауіптірек. Олардың жоғары жылдамдықпен жүруі ауыр зардапты жол апаттарына әкеледі.

Сондықтан, қоғамдық көліктерге қатысты елді мекендерде жылдамдығы 50 км/сағат болуы керек деген шектеу шаралары қабылданды. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова түсіндіргендей, енгізілген түзетулер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының ауыр зардаптарын азайту мақсатында қабылданған.

Жаңа жылдамдық шектеулері қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін арттыруға және елдегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Бұл түзетулер елді мекендердегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #қоғамдық көлік #жылдамдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Бүгін 10:25

Еліміздің көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін 10:19

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қазақстандық Грузиядан әкелінді

Бүгін 10:03

Үкімет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының мүшелерімен кездесті

Бүгін 09:50

Биыл қанша адам әскерге барады?

Бүгін 09:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика