AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қоғамдық кеңестің қалаға ықпалы артты

Қоғамдық кеңестің қалаға ықпалы артты

Барлығы 22.04.2025, 12:14 883
Қоғамдық кеңестің қалаға ықпалы артты
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Қалалық кеңестің -  құрылыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету сияқты ең өзекті мәселелерге байланысты жұмысы жалғасып жатыр.

№2 комиссияның төрағасы Гүлмира Байғабылова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференция кезінде осылай деді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, комиссия мониторинг жасап, дөңгелек үстелдер өткізіп,  қала әкімдігі мен оған қарасты мекемелерге 600-ден астам ұсыныс жасаған.  70%  қысқамерзімдік, 50% ұзақмерзімдік шешім қабылдап, оны орындауға кіріскен. 

Спикердің айтуынша, қала құрылысына қатысты кеңестің жұмысына байланысты кәсіби пікір білдіріп, кейбірін әлі де толықтыруды ұсынып, комиссия 200 жобаны қараған.  Сонымен бірге, комиссия мүшелері құрылыстың жаңа ережесін, абаттандыру, көлік саясатын, бас жоспар, дизайн-код сияқты құжаттарды әзірлеп, оларды талқылауға атсалысқан. 

Комиссия тұрғындармен тығыз жұмыс істеуге ерекше мән беріп отыр. Атап айтқанда, реновация және Ерменсай ықшамауданын сумен қамтамасыз етуге байланысты әкімдікпен бірлесіп жұмыс тобы құрылды.

Гүлмира Байғабылованың айтуына қарағанда, көшені жарықтандыруға байланысты ұсыныс қабылданып, қолға алынған. Автономды қазандықтарды бақылау және электр қуатын когенерациялау бойынша жұмыстар жалғасқан.

Комиссия сонымен бірге инклюзивты жобалау, нысандарды құжаттау, «көліксіз аула» концепциясын дамыту мен қоғамдық көлікке отырғызуды көздейтін көпвекторлы тұраққа байланысты жобаларды да іске асырған. Жаяу жүргіншілерге арналған өткелді ұйымдастырып, самокаттар мен мопедтердің қозғалысын реттейтін ереже шығаруға ұсыныс әзірленді.

«Бюджетті алдын-ала талқылау мен жәрмеңкеден бастап көпірдің астындағы алаңқайларға арналған «жылдам жеңу» деп аталатын жобаның іске қосылуы да – тағы бір жаңа бастаманың бірі болып отыр», - деді комиссия төрағасы.

 Комиссия әлеуметтік маңызы бар нысандарға, соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы мен ТЭЦ-2-ге қатысты бастамаларға мониторинг жүргізген. Сонымен қатар, комиссия өкілдері қала әкімі мен аудан әкімдерінің тұрғындармен өткізген кездесулеріне тұрақты түрде қатысып отырды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық кеңес #Алматы #ықпалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);