Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғамдық кеңес мүшелері «Алматы – ортақ үйіміз» ак...

Қоғамдық кеңес мүшелері «Алматы – ортақ үйіміз» акциясына қатысты

Әлеумет 15.03.2025, 13:50 698
Қоғамдық кеңес мүшелері «Алматы – ортақ үйіміз» акциясына қатысты
Алматы қаласы әкімдігі

Бұл сенбі күні таңертең Алматының әр түкпірінде қала тұрғындары белсенділік танытып, қыс бойы жиналған қоқысты жинауға кірісті. Олар күрек, тырма мен сыпырғыштарын алып, жапырақтарды үйіп, қаптарға салып, жүк көліктеріне тиеп, қаланы тазартып жатты.

Бұл игі істен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілдері де шет қалмады. Түске дейін Жароков пен Байкадамов көшелерінің қиылысында орналасқан Оңтүстік саябақтағы күзгі жапырақтар мен қоқыс түгелдей жиналып, шығаруға дайын болды.

Акцияға қатысушылар жұмысты ынта-жігермен атқарып, бұл іске ерекше ықыласпен кіріскендері байқалды. Қоғамдық кеңес мүшесі Айгүл Шоқшықбаева сенбілікке қатысты ойын былайша жеткізді:

– Біз «таза қала – таза өмір» деген қағиданы қолдаймыз. Әр адам өз айналасының тазалығын сақтаса, бұл өзгелерге де, әсіресе, жастарға жақсы үлгі болар еді. Таңертең ерте тұрып, сенбілікке қатыссақ та, өзімізді сергек сезіндік. Алматы – шынайы қамқорлық пен махаббатқа лайық қала. Оны таза ұстап, қорғау – біздің азаматтық міндетіміз!

Қала тұрғыны Балым Батаева болса, қоғамдық іске атсалысудың адам көңіл-күйіне оң әсер ететінін атап өтті:

– Бүгін ауа райы керемет! Әрине, таңертең төсектен әрең тұрдым (күліп), бірақ қазір атқарған еңбегіме риза болып тұрмын. Осы аз ғана уақыттың ішінде қаншама жапырақ пен қоқыс жинадық! Қала келбетінің таза болғанын көргенде өз үлесіңнің бар екенін сезіну – ерекше қуаныш. Бұл ісіміз өзгелерге үлгі болады деп ойлаймын. Барша алматылықтарды осындай игі шараларға қатысып, қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын.

Қоғамдық кеңес төрайымы Алтынай Көбеева мұндай шаралардың қоғамды біріктірудегі маңызы зор екенін атап өтті:

– Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелері қалалық сенбілікке қатысып, Алматының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығына жауапты екенін сезінуі керек. Осындай шараларға қатысу – адамды өзгелердің еңбегін құрметтеуге үйретеді, ортақ іске жұмылдырады. Қуаныштысы, әріптестерім бұл бастаманы қолдап, өз істерін кейінге қалдырып, қала тазалығына үлес қосуға асықты. Бұл – Алматыға деген шынайы махаббаттың көрінісі. Барша тұрғындарды өз ауласын, көшелерін таза ұстауға шақырамын. Егер әркім кішкентай болса да өз үлесін қосса, қаламыз көркейе түседі. Алдағы уақытта ағаш отырғызу жұмыстары басталады, бұл іске де атсалысайық!

76 жастағы еңбек ардагері Төлеутай Жаппаров та белсенділік танытып, өзгелерден қалыспай еңбек етті. Жасына қарамастан ол өз үлесін қосуға асықты:

– Барлығы өзімізден басталады. Үйімізді, ауламызды, көшелер мен саябақтарды таза ұстасақ, қоғамдағы жалпы көңіл-күй де жақсарады. Бүгін – Мейірімділік күні, бұл әрбір алматылықты, қазақстандықты ең болмағанда бір игі іс жасауға шақырады. Әр жақсылықтың қайтарымы болады, ал оның ең үлкен сыйы – көтеріңкі көңіл-күй! – деп түйіндеді ақсақал.

Айта кетейік, «Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясында сенбіліктер, тазалық шаралары, ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Барша қала тұрғындарын осы бастамаларға белсенді қатысып, Алматының таза әрі көрікті болуына үлес қосуға шақырамыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика