AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін...

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Әлеумет Бүгін 16:40 46

Сауалнама нәтижесі қоғамның армияда жан-жақты өзгеріс күтетінін көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен арнайы кеңесте әскердегі жағдайға баға берді. Мемлекет басшысы министрліктің жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, он күн ішінде армияны реформалау жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет қабылдап жатқан шараларға қоғамның көзқарасын білу үшін «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 28-29 қыркүйекте қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижесі армияның қазіргі жағдайы мен болашағы көпшілік назарында екенін көрсетті. Қатысушылардың 85,2%-ы Президенттің Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру туралы шешімін толық немесе ішінара қолдайды.

Қарулы Күштерді реформалау туралы шешімге де осындай көзқарас қалыптасқан. Мемлекет басшысының бұл шешімін оң бағалағандардың үлесі де жоғары – 85,7%.
Сауалнамаға қатысушылар армияда қандай өзгерістер қажет екенін де айтты. Бұл сұраққа бірнеше жауап таңдауға мүмкіндік берілді. Ең көп аталған ұсыныс – Қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыру (47,4%). Бұдан кейін командалық құрамды жаңарту және оның кәсіби деңгейін көтеру (34,3%), сондай-ақ қорғаныс саласындағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту (29,4%) тұр.

Әскери қызметтің күнделікті жағдайына қатысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Сауалнамаға қатысушылардың 25,3%-ы олардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуды маңызды деп санайды. Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуды 20,7%, жаңа технологияларды, оның ішінде цифрлық шешімдерді енгізуді 20,4%, ал жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу деңгейін көтеруді 19,2% атаған.

Сауалнама нәтижесі қоғамның армияда жан-жақты өзгеріс күтетінін көрсетеді. Елдің қорғаныс қабілетін нығайтумен қатар, жұрт әскери қызметтің күнделікті ұйымдастырылуы да жақсарғанын қалайды.

Президент бастамаларын қолдаудың жоғары деңгейі реформаның нәтижесіне қатысты нақты талаптармен ұштасып отыр. Халық реформаны армияның әскери-техникалық әлеуеті қаншалықты артқанымен ғана емес, әскери қызметтің жағдайы мен қауіпсіздігі қалай өзгергенімен де бағалайды.

Айта кетейік, сауалнаманы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 2026 жылғы 28-29 қыркүйекте онлайн-сауалнама (CAWI) әдісімен жүргізді. Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан 1000 респондент қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);