AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер ма...

ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды

Әлеумет 15.01.2025, 15:49 768 dulatbekova
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Сурет: ТЖМ

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратындағы өртті жоюға қатысқан қызметкерлерді салтанатты түрде наградтау рәсімі өтті.

Іс-шараға ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин мен инфрақұрылым жөніндегі проректор Салават Бектемісов қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ҚБТУ ғимаратында өртті сөндіру кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін»  медальдарымен наградталды:

Мусин Диас Радиұлы - Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы;

Магамедов Камил Махмутжанович -  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы;

Сүлейманов Руслан Бахтиярұлы - Жетісу ауданының ТЖ басқармасы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

Әлиасқаров Дархан Жақытбекұлы - Алмалы ауданының ТЖ басқармасы № 9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Нұғыманов Қанатбек Талғатұлы - Әуезов ауданының ТЖ басқармасы № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі нұсқаушысы;

Талдыбаев Бақытжан Бақытбергенұлы - Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.

  ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин құтқарушыларға жанқиярлық жұмыстары үшін алғысын білдірді: «Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында өрттің ауыр салдарын болдырмай, Қазақстанның мәдени және білім беру мұрасының маңызды бөлігі болып табылатын біздің тарихи ғимаратымызды сақтауға мүмкіндік туды. Біз сіздерге өз істеріңізге және Отан алдындағы адал қызметтеріңіз үшін ризамыз. Сіздердің жанқиярлық жұмыстарыңыздың арқасында біз қала тұрғындары, өзімізді қауіпсіз сезінеміз, ертеңгі күнге сеніміміз мол. Сіздер біздің қауіпсіздігіміз үшін бастарыңызды күн сайын қауіп-қатерге тігетін нағыз батырларсыздар!»

Университет ұжымы атынан алғыс ретінде құтқарушыларға естелік кәдесый – Ғимараттың хрусталь макеті табыс етілді.

Еске салайық, 11 қаңтарда  сағат 22.10-да бес қабатты ҚБТУ ғимаратында 120 шаршы метр алаңда өрт орын алды. Құтқарушылар жоғарғы ранг бойынша оқиға орынына жедел жетіп, төрт жауынгерлік учаскедегі өртті сөндіруге кірісті. Ғимарат құрылысының ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Оқиға орнында ТЖД басшылығымен жедел штаб өрістетілді, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы жұмысты  онлайн үйлестірді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында тарихи ғимарат құтқарылды. Өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның Туы зақымдалмай төменге түсірілді. Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД 80 қызметкері мен 28 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қбту #өрт #құтқарушылар #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);