Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ғалымдары Конституция жобасына арналған оқу...

ҚазҰУ ғалымдары Конституция жобасына арналған оқу құралын ұсынды

Білім және ғылым 01.03.2026, 12:03 187
ҚазҰУ ғалымдары Конституция жобасына арналған оқу құралын ұсынды
ҚазҰУ сайтынан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заңгерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған арнайы оқу құралын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заңгерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған оқу құралын көпшілікке ұсынды. Авторлар жаңа Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, өмір сапасына тікелей қатысты екенін атап өтіп, оның ережелерін тек мамандар ғана емес, бүкіл қоғам түсінуі маңызды екенін жеткізді.

Оқу құралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдар ұжымының дайындауымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Басылым жаңа Конституция жобасын жан-жақты талдауға арналған. Онда қолданыстағы Негізгі заң нормалары мен ұсынылып отырған өзгерістер егжей-тегжейлі салыстырылып, әрбір түзетудің себептері түсіндірілген. Өзгерістердің құқықтық әрі әлеуметтік мәні ашылып, жаңа ережелерді іске асыру нәтижелеріне тоқталған. Сонымен қатар жобаға енгізілген түбегейлі жаңа идеялар мен құндылықтарға ерекше назар аударылып отыр.

Авторлар ұжымын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы–Ректоры, Конституциялық комиссия мүшесі Жансейіт Түймебаев басқарды. Басылымды дайындауға университеттің 28 оқытушы-профессоры қатысты.

Сондай-ақ қоғамдық талқылау барысында 10 мыңнан астам ел азаматы өз ұсыныстарын білдіргені атап өтілді. Жаңа Конституция жобасында ҚазҰУ ғалымдарының да бірқатар бастамалары көрініс тапқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Түймебаев: «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, құқықтық жүйенің негізі, қоғам құрылымының қағидаларын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, биліктің тепе-теңдігін орнататын, қоғамның тұрақты дамуының принциптерін белгілейтін құжат. Оның мазмұны әрбір адамның өмір сүру сапасына, оның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігіне, даму мүмкіндіктеріне және өз мүдделерін қорғауына тікелей әсер етеді. Осы ұсынған оқу құралында қолданыстағы Конституция нормалары мен жаңа Конституция жобасының нормалары салыстырмалы түрде талданады. Әрбір бапқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізделеді, ерекше жаңа идеялар айқын көрсетіледі. Осы идеялардың мақсаты түсіндіріліп, олардың жүзеге асырылуы нәтижесінде қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатыны айтылады», – деп атап өтті.

Сонымен бірге жоба жаңа мемлекеттік институттарды құруды көздейді. Атап айтқанда бірпалаталы Парламент – Құрылтай құру, вице-президент институтын енгізу және болашақта жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан Халық кеңесін қалыптастыру ұсынылған.

Оқу құралын әзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгерістердің барлығы азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекеттілікті нығайтуға және елдің одан әрі дамуына бағытталған заманауи әрі орнықты құқықтық негіз болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дауға қалған аудан әкіміне жаза қолданылды

Бүгін 15:49

Алматыдағы 2026 жылдың басты оқиғалары: концерттер, фестивальдер және әлемдік деңгейдегі шоулар

Бүгін 15:23

«WorldSkills Kazakhstan–2026» болашақ чемпиондары республикалық кезеңге дайындалып жатыр

Бүгін 15:01

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді

Бүгін 14:53

Алматыдағы мейрамхана жеті ел арасындағы үздік 10 орынның қатарына енді

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика