AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазҰУ-да дұрыс тамақтануды зерттеу орталығы ашылды

ҚазҰУ-да дұрыс тамақтануды зерттеу орталығы ашылды

Барлығы 29.04.2025, 15:26 787 dulatbekova
ҚазҰУ-да дұрыс тамақтануды зерттеу орталығы ашылды
Сурет: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының базасында Қазақстан-Қытай денсаулыққа пайдалы тағамдарды зерттеу орталығы ашылды.

Орталықты ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Түймебаев пен Бейжің технология және бизнес университетіндегі тамақтану және денсаулық факультетінің профессоры Лю Синци іске қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталған ғылыми орталық елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді тереңірек зерттеуге жол ашады. Соның ішінде Қазақстандағы соя бұршағының қасиеті мен құрамына талдау және сараптама жасалады. Нәтижесінде соя бұршағынан адам ағзасына пайдалы тағам түрлерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев құрметті қонақтарға ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымы туралы ақпарат беріп, университеттің Қытай ЖОО-ларымен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Қазіргі таңда ҚазҰУ 60-қа жуық қытайлық университетпен тығыз байланыс орнатқан. Осы ретте Бейжің технология және бизнес университетімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Соның ішінде ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, оқытушылар мен студенттер алмасуға, бірлескен ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізуге дайынбыз», – деді ректор.

Өз кезегінде Қытай профессоры Лю Синци ілтипат білдіргені үшін оқу ордасының басшылығына ризашылығын жеткізіп, өзінің ғылыми-инновациялық жобасы туралы мәлімет берді.

«Бейжің технология және бизнес университеті – биология саласында көшбасшы ЖОО-лардың бірі. Біздің ғылыми топ соя бұршағынан адам ағзасына пайдалы нан, ет, сусын, балмұздақ өнімдерін әзірлеп шығарды. Қан қысымын реттеуге, асқазан-ішек жолдарын тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар адамға күш-қуат береді. Қазіргі уақытта бұл өнімдер Қытайда сатылады. Бүгінде аталған өнімдерді Қазақстан нарығына алып келуді көздеп отырмыз. Бүгін іске қосылған орталық Қазақстандағы соя бұршағын және өзге де пайдалы өсімдіктерді жан-жақты зерттеуге бағытталған», – деді Лю Синци.

Келіссөз барысында тараптар серіктестікті арттыру, ғалымдар арасындағы әріптестік байланысты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЗҰУ #дұрыс тамақтану #Зерттеу орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);