ffin.kz

ҚАЗҰАЗУ басқару жүйесі креативті жас ғалымдармен күшейтіледі

ҚАЗҰАЗУ басқару жүйесі креативті жас ғалымдармен күшейтіледі almaty-akshamy.kz

Факультет декандары мен  кафедра меңгерушілерінің лауазымдарына конкурс жарияланды


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде соңғы уақытта басқару жүйесінде, білім беру мен ғылымды дамытуға байланысты үлкен өзгерістер жүріп жатыр.


Жаңа заман талабына сай халықаралық деңгейдегі университет атану үшін, ең алдымен бәсекеге қабілетті мықты кадрлары болуы тиіс. Бұл - нарық заңдылығы. Осы талаптардың негізінде университет басшылығының ұсынысы бойынша, профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) еңбекақысы 45 пайызға дейін, кафедра меңгерушілері мен факультет декандарының жалақысы 1,5 есеге көтерілді. Ғылым докторы дәрежесі бар кафедра меңгерушілері 450 мың теңгеге дейін, факультет декандары 550 мың теңгеге дейін алатын болады.



Осы аталған өзгерістер мен қолға алынып жатқан өзге де инновациялық бастамалар туралы университеттің Басқарма Төрағасы-ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев жас ғалымдармен кездесуде кеңінен тоқталып өтті.


«Бүгін өздеріңізбен ақылдасу үшін бірнеше мәселені назарларыңызға ұсынамын. Ең алдымен, университеттің басқару жүйесін жетілдіру мақсатында білімді, білікті жас кадрларлармен толықтыруымыз қажет. Осыған орай, 6 факультеттің декандары мен 27 кафедра меңгерушілерінің лауазымдарына 1 ақпанға дейін конкурс жарияланып отыр. Осы конкурсқа сіздерді және жалақының төмендігіне байланысты  ертеректе басқа мекемелерге ауысып кеткен танымал жас ғалымдарымызды қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.


Сондай-ақ, кездесу барысында іргелі және қолданбалы ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдардың инновациялық әзірлемелерін (идеяларын) және озық жетістіктерін қолдау, ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға ықпал ететін ғылыми зертханалар жұмысын күшейту, ғылым жетістіктерін практика жүзінде оқу үдерісіне енгізу, жастардың әлемдік жетекші ЖООлардың әр бағыттағы ғылыми жобаларына одан ары белсене қатысу мәселелері қызу талқыланды. Бұл ретте, университет ғалымдарының ғылыми ізденістерін материалдық тұрғыда қолдау мақсатында KPI жүйесі негізінде ынталандыру шаралары жалғасын табатындығы атап айтылды.



Тағы бір маңызды тақырып – халықаралық аренада ҚазҰАЗУ-дың мәртебесін көтеру, ғылым мен білім беру саласында, агроөнеркәсіптің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды трансферт жасау, бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлау мүмкіндіктерінің аясын кеңейту туралы пікір алмасылды. Сонымен бірге, университеттің ПОҚ және қызметкерлеріне өз ғылыми табыстары мен еңбектерін әлемдік ғылыми ортаға таныту, Scopus және Web of Science дерекқорындағы басылымдарға жариялану үшін ағылшын тілін игеру бойынша курстар мен арнайы коворкинг орталығы ашылатыны айтылды. 


Кездесу өте жылы және еркін әңгіме жағдайында өтті. Жас ғалымдар Қайсар Табынов, Қуантар Алиханов, Майра Құсайынова, Гүлсім Айтқхожаева, т.б. өздерімен ашық диалог ұйымдастырған университет басшылығына ризашылықтарын білдіріп, заманауи халықаралық дәрежедегі аграрлық зерттеу жоғары оқу орнын құру үшін белсенділікпен қызмет етуге әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.


Университеттің басшысы Ақылбек Күрішбаев жас ғалымдардың барлық сұрақтарына жауап беріп, адағы бірлескен қызметте табысқа жете берулеріне сәттілік тіледі.


ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51