AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жас...

Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар

Білім және ғылым 24.12.2024, 15:52 1,276 dulatbekova
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Сурет: Gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов ҚХР Фанчэнган қаласының мэрі Цю Минхунмен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кездесті.

Бұл кездесу білім беру саласындағы екі ел арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан тарапы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін алғышарттарды атап өтті. Қазіргі таңда Қытай университеттерімен 241 келісім жасалып, білім беру және ғылыми зерттеулер саласында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

Негізінен Қытай және Қазақстан арасында студенттермен алмасу бағдарламаларын кеңейту, қосымша ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді алмастыруды ұйымдастыру, жаңа бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске қосу, Қазақстанда қытай университеттерінің филиалдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және білім мен ғылым саласында ортақ жетістіктерге қол жеткізу үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық білім беру мен ғылыми форумдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу мәселелерін ілгерілетуге келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #университеттер #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты

Бүгін 15:09

«Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді»

Бүгін 14:59

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін 14:48

Ақын Аман Кәлетаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 14:39

Алматыда отбасы құндылығы мен саналы әке болу тақырыбы талқыланды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);