AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4...

QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарлары мен конференциялары өтеді

Әлеумет 17.09.2024, 12:25 2,245
QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарлары мен конференциялары өтеді
Сурет: Gov.kz

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарға цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын ұйымдастыруды жалғастыруда. 

Кезекті оқыту циклі ағымдағы жылдың 18 қыркүйегі мен 1 қараша күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды aqshamтуцыюля

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырамыз.

Вебинарлардың негізгі мақсаты – Индустрия 4.0 тұжырымдамасы мен цифрлық технологияларды енгізу туралы түсініктер қалыптастыру, сондай-ақ цифрлық трансформация құралдарын өндірісте қолдану мәселелерін талқылау болып табылады.

Спикерлер өндірістік процестерді автоматтандыру бағытындағы компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларын пайдалану тәжірибелерімен бөліседі, сонымен қатар ғимаратты басқару жүйелері (BMS), энергетика, ақылды қалалар, суды тазарту және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы нақты жобалардың мысалдары арқылы инновациялық технологияларды енгізу туралы ақпараттармен бөліседі.

Вебинарларға қатысу үшін QazIndustry сайтындағы «Индустрия 4.0. Вебинарлар» бөліміндегі арнайы нысанды толтыру арқылы алдын ала тіркелу қажет: https://qazindustry.gov.kz/mission/vebinar/.

Сондай-ақ, оқыту іс-шараларының аясында PcVue бағдарламалық платформасын әзірлеуші француздық ARC Informatique компаниясының ұйымдастыруымен 29 қазанда Астана қаласында (Ibis қонақ үйінде) және 1 қарашада Алматы қаласында (Holiday Inn Express қонақ үйінде) конференция өткізіледі.

Конференция жұмысына спикерлер ретінде PcVue (франциядағы бас кеңсесі және Кавказ бен Орталық Азиядағы жергілікті бөлімшлері), «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «APS» (Қазақстандағы SATEC өкілі) ЖШС және BECKHOFF (Германия) компанияларының өкілдері қатысады.  

Конференцияға қатысу тегін. Қатысу үшін арнайы нысынды толтыру арқылы алдын ала тіркелу қажет:

  • Астана қаласындағы конференцияға қатысу үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfmhFZnxXGd4sp-bO8uGctbu-E0kC4kax2fSu8FQ83QsCGcSA/viewform.
  • Алматы қаласындағы конференцияға қатысу үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeQxgSuibkwudecFoJJB7ElrkutRW6-JwZkR6tK1FIL9egbrA/viewform.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#QazIndustry #өнеркәсіп және құрылыс #тегін вебинарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58

Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Бүгін 18:53

Қызылордалық оқушы Менделеев халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:40

Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика