"Қазгидромет" сенбі, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық болады, ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 34-36 градус жылы болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Ақтөбе- көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 жылы, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Қостанай - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14 жылы, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 жылы, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Павлодар - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Семей - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.