Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қазақтың үш тарихи тұлғасына мемориалдық ескерткіш...

Қазақтың үш тарихи тұлғасына мемориалдық ескерткіш орнатылды

Тұлға 24.10.2022, 08:32 2,024
Қазақтың үш тарихи тұлғасына мемориалдық ескерткіш орнатылды
Сурет: Inform.kz

Қапшағай су электр станциясының салынуына ықпал еткен Дінмұхамед Қонаев, Асанбай Асқаров пен Шапық Шөкинге мемориалдық ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.





Айта кетейік, биыл аталған станцияның бой көтеруіне елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалар Дінмұхамед Қонаев пен Шапық Шөкиннің туғанына 110 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаны атап өту мақсатында олардың құрметіне Қонаев қаласында мемориалдық ескерткіш қойылды.



«Биыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар, Қапшағай су электр станциясы жобасының авторы, Шапық Шөкиннің 110 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтардың еңбектеріне лайықты баға беріліп, мемориалды ескерткіш ашылды. Ата-бабамыз аңсаған егемендігіміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.



Салтанатты шара барысында мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев энергетика саласының ардагері Ерлан Қырқынбаевқа «Қонаевтың 110 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.


«Бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Айта кетсек, Шапық Шөкин Іле арнасын бөгеп, ағысы қатты өзен бойында су электр станциясын салу керектігін айтып, үлкен жобаны қорғап шықты. Содан кейін бұл идея сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа ұнап, станция құрылысы басталып кетті. Ал алғашқы іргетасы 1969 жылы қаланғаны бәрімізге белгілі. Іле өзені бойында су электр станциясы салынып қана қоймай, қазірде облыс орталығына айналған қала бой көтерді», - деп станцияның салыну тарихына тоқталды Ерлан Қырқынбаев.





Фото: gov.kz




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дінмұхамед Қонаев #Қапшағай су электр станциясы #Асанбай Асқаров #Шапық Шөкин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Бүгін 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Бүгін 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Бүгін 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика