Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың күрд баласымын

Қазақтың күрд баласымын

Әлеумет 24.04.2024, 09:26 1,227
Қазақтың күрд баласымын
almaty-akshamy.kz

Рафик МИРЗОЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері:


Біздің Қазақстан 130-дан астам этносты бір құшағына сыйғызып, бейбіт аспанның, бір тудың астына біріктіріп, жайлы өмір сыйлап отыр. Қаншама ұлыс өкілі өмір сүріп жатса да, елімізде тыныштық, татулық, достық салтанат құрып тұрғанын мақтанышпен айта алатынымыздың өзі үлкен мәртебе.


Бүгінде қай этнос болсын, бәрі де елімізде қалаған жұмысымен айналысып, өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, өркендете алады. Құшағы ыстық, пейілі кең қазақ елі ешкімді кеудесінен итермек емес. Себебі, бұл – біздің бабамыздың қанымен келе жатқан ірі қасиет. Сондықтан бізді мекен етіп жатқан басқа этнос өкілдерінің өсіп, өніп, көктеп отырған жеріне алғыс білдіруі орынды.


Иә, бүгін – Алғыс айту күні. Қазақ жеріне әрдайым ыстық ықыласын білдіруден тартынбайтын жаны ізгі жандардың қатарында алматылық отандасымыз, «Барбанг» күрдтер республикалық қауымдастығының басқарма мүшесі, «Князь Ибрагимович Мирзоев қорының» төрағасы, «Нубар» әдеби- көркем журналының редакциялық алқа мүшесі, кәсіпкер, қоғам қайраткері Рафик Якуб оглы Мирзоев та бар. Ол бірнеше тілді меңгерген. Бастысы, қазақ тіліне жетік.


Сондай-ақ, ол көпмәдениетті, көпэтно сты мемлекетіміздегі конфе ссияаралық және этносаралық келісімді нығайту жолында үнемі азаматтық ұстанымын білдіріп, мегаполисте өтетін мәдени-рухани кештердің, қайырымдылы қ іс-шаралардың бел ортасынан табылып жүреді.



– Мен қазақтың күрд баласымын. Мен бақыттымын! Қазақстан халқының, қазақ ағайындардың ортасында өмір сүріп, осы елден өз орнымды тапқаныма ризамын. Маған ғана емес, талай этносқа құтты қоныс, жылы ұя болып отыр. Бәріміз бейбіт таңмен таласа тұрып, өз тірлігімізбен алаңсыз айналысып, кешке шаңырағымызға аман-есен оралудың өзі бір бақыт. Ал ешкіммен араздаспай, жайлы, толыққанды өмір сүру – мың бақыт. Осынау тыныш өмірдің арқасында Қазақстан өсу, өркендеу жолынан таймақ емес. Мен көктемнің алғашқы күнін өзімен бірге ала келетін айтулы мерекеде Қазақ еліне, отандастарыма, ағайын-туыс, дос-жараныма, барша үлкен-кішіге алғыс айтамын. Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалаймыз дегім келеді, – дейді Р.Мирзоев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #алғыс #Мирзоев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді

Бүгін 11:27

Алматының ӘКК-і халықаралық рейтингін сақтап қалды

Бүгін 11:25

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасына қатысты фейктерді жоққа шығарды

Бүгін 11:12

Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

Бүгін 11:05

Токиода ұшатын таксилер пайда болды

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі