AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақтың киіз үйі алғаш рет Африкада таныстырылды

Қазақтың киіз үйі алғаш рет Африкада таныстырылды

Мәдениет 12.12.2022, 04:22 1,875
Қазақтың киіз үйі алғаш рет Африкада таныстырылды
Сурет: Elorda.info

Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті.


Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNECA) алаңында алғаш рет қазақтың киіз үйінің тұсаукесері болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.


Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті. Тұсаукесерге Аддис-Абебадағы БҰҰ органдарының, Африка одағы комиссиясының, Эфиопияның мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Аддис-Абебада аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Африкадағы Қазақстанның Достар клубының мүшелері қатысты.


Тұсаукесерде қазақ халық билерінен «Қамажай» және «Қара жорға», Абайдың поэзиялық шығармаларынан тұратын мәдени бағдарлама көрсетілді.


Ұлттық ою-өрнектермен, қазақ музыкалық аспаптарымен, тұрмыстық заттармен және ұлттық костюмдермен безендірілген қазақ киіз үйі іс-шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қонақтарға қазы, бауырсақ, жент және басқа да қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды.


Африка елдерін мәдениетімізбен және ЮНЕСКО-ның материалдық мәдени мұра тізіміне енген киіз үймен таныстыру биыл аяқталатын Қазақстан бастамасымен белгіленген БҰҰ мәдениеттер жақындасуының халықаралық он жылдығы, сондай-ақ мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту контекстінде маңызды мәнге ие болды.


Тұсаукесер іс-шара қонақтарының көңілінен шығып, Қазақстан мәдениетіне үлкен қызығушылық тудырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ киіз үйі #Африка #дипломатиялық базар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);