Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың бұлбұлы

Қазақтың бұлбұлы

Әлеумет 21.12.2024, 20:20 878
Қазақтың бұлбұлы
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

Алматының Республика Сарайында опера және кино өнерінің тірі аңызы, халық артисі әрі ұлағатты ұстаз Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті. Өнер сахнасында 75 жыл ғұмырын арнаған дара тұлға – Қазақстанның рухани мәдениетінің символына айналған өнер иесі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Салтанатты кештің шымылдығын Александр Беляков жетекшілік еткен эстрадалық-симфониялық оркестр ашты. Олар қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік шығармаларына негізделген увертюраны орындап, кештің мерекелік рухын айшықтады. Осыдан кейін сахна төріне танымал виолончелист Бақытжан Октябрь шығып, қазақтың халық әні «Япурайды» нәзік үнмен әуелете орындап, тыңдармандардың жүрегін тебірентті.

Концертте Қазақстанның музыкалық сахнасындағы танымал өнерпаздар – «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Дамир Садуақасов, Дана Таласпекова, Әлихан Зейнулла, Жандарбек Еркінбаев, Балуан Беркенов, Зарина Алтынбаева, Олег Татамиров, Расул Жармағамбетов және Таир Тәжі сынды таланттар Моцарт, Жорж Бизе, Джоаккино Россини және Александр Зацепиннің опералық туындыларынан үзінділер орындап, көрермендерді өнер әлемінің биігіне самғата түсті. Ал «Салтанат» ансамблінің орындауындағы «Шашу» биі мерекелік кешке ерекше көрік берді.

Кеш барысында Латиф Хамидидің атақты «Бұлбұл» романсы да орындалды. Бұл шығарманың арқасында Бибігүл Ахметқызы «қазақтың бұлбұлы» атағын иеленіп, тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде танылған еді. Осы жолы бұлбұл әнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Концерттің шарықтау шегі ретінде, мерекенің басты кейіпкері – Бибігүл Ахметқызы сахнаға шығып, қатысушылармен бірге өнер көрсетті. Ол Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан «Застольная» ариясын және баршаға таныс, жүрекке жылы «Көктем әнін» шырқады.

Айта кетейік, мерейтой қарсаңында, 16 желтоқсан күні Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бибігүл Төлегенованы 95 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап, оның ұлт мәдениетін дамытудағы өлшеусіз еңбегін атап өткен болатын.

Бұл кеш қазақ өнерінің биік шыңындағы тұлғаның шығармашылығына деген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бибігүл Төлегенова #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика