AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қал...

Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қалай дамуы мүмкін?

Әлеумет 25.03.2022, 09:34 1,280
Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қалай дамуы мүмкін?
Сурет: Miaistok.su

Мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтыруларды мүдделі мемлекеттік органдар және тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 млн-нан астам зейнеткер бар, олардың әрқайсысына шамамен еңбекке қабілетті жастағы 7 адам келеді. Республикалық бюджет шығыстарының төрттен бір бөлігі жыл сайын зейнетақы төлеуге жұмсалады (2022 жылы 2,9 трлн теңге). Бұл ретте зейнетақының орташа мөлшері 105 538 теңгені құрайды (соның ішінде ынтымақты зейнетақы – 72 914 теңге, базалық зейнетақы – 32 624 теңге)», - делінген Еңбекмині бапсасөз қызметінің хабарламасында.



Халықтың жалпы әлемдік қартаю үрдісі Қазақстанға да сөзсіз әсер етеді. БҰҰ болжамдары бойынша, 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті халыққа жүктеме екі есе артады (зейнеткерлер саны 3 млн-нан астам адамға жетеді). Осылайша, 1 зейнеткерге еңбекке қабілетті жастағы 3,5 адам ғана келеді.


Ынтымақты жүйенің жинақталуымен 2028 жылға қарай зейнетақы ел бойынша орташа айлық жалақының шамамен 47,4%-ын ғана алмастыратын болады (БЖЗҚ-ның актуарлық бағалауы бойынша). Бүгінгі таңда шешуші шаралар қабылданбай, өткен ғасырдың 80-ші жылдарында дүниеге келген азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде, өте төмен зейнетақы алатын болады – олардың зейнетақысы 2040 жылға қарай жоғалған еңбек табысының тек 39,2%-ын ғана жабатын болады. Кейінгі ұрпақ үшін бұл жағдай одан да төмендей түседі, мысалы, 2060 жылы зейнетақы жоғалған табыстың 29,5%-ын ғана жабатын болады.


Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Болашақта зейнетақы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі қолданыстағы тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.


Біріншіден, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру шеңберінде 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген. Қазіргі уақытта Еңбекмині оны тағайындаудың нақты тетігін пысықтауда.


Екіншіден, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу көзделген. ЖМЗЖ енгізу қолданыстағы тұжырымдамада көзделген. Тұжырымдамаға түзетулер жобасы шеңберінде салымшылардың жеке (мұраға қалдырылған) зейнетақы жинақтарын толықтыруға шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан (шартты түрде «бай» және табысы төмен салымшылар арасында жинақтарды қайта бөлу қағидаттарына негізделген) осы жарналардың нысаналы бағытын өзгерту көзделеді.


Нәтижесінде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын стандарттан төмен емес деңгейде сақтау қамтамасыз етіледі (жоғалған табыстың кемінде 40%-ын зейнетақымен алмастыру).


Тұжырымдамаға өзгерістер жобасында көрсетілген зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тәсілдері мүдделі мемлекеттік органдар деңгейінде, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен қаралды, сондай-ақ қоғамдық тыңдау рәсімінен өтті.


Өткен жылдың 7 желтоқсанында тұжырымдамаға өзгерістер жобасын ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес қарады.


Бүгінгі күні республикалық бюджет комиссиясының тұжырымдамаға енгізілетін өзгерістер жобасының шығын нормаларын қарауы күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #пенсия #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);