AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,2...

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

Қаржы 26.07.2021, 13:51 2,208
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді
Сурет: 24.kz

Мемлекеттегі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың әсері ескерілді.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейінде +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,25% болады», – делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Ақша-кредит саясатын ойластырылған түрде күшейту инфляциялық спиральді босату қаупінің алдын ала білу және 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтару қажеттігінен туындады.


Бұл ретте іскерлік белсенділіктің қалпына келуіне әлемдегі, атап айтқанда, Қазақстандағы тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың әсері ескерілді.


Мөлшерлеменің артуы теңгелік активтердің тартымдылығын қолдайды, бұл жағымсыз тепе-теңдікті болдырмайтын күтулерді қалыптастыру мақсатында валюта мен ақша нарықтарында баға белгілеудің тиімділігін арттырады.


Шешім сұраныс тарапынан экономикадағы ұсыныс пен тұрақты проинфляциялық қысым арқылы туындаған инфляциялық тәуекелдерге негізделген. Инфляция болжамдардан жоғары қалыптасады, ал бағаның одан әрі өсуіне қатысты күтулер жоғары және бекітілмеген болып қалуда. Экономикалық өсім мен тұтынушылық белсенділік қарқынының тез қалпына келуі айтарлықтай фискалды импульспен проинфляциялық үрдісті қалыптастырады.


Сонымен бірге жалпы әлемдік деңгейде азық-түлік бағасы көтеріліп жатқан шақта азық-түлік тауарларының жекелеген топтарына бағаның өсуі секілді елеулі факторлар, жеткізу тізбегіндегі іркілістер, шикізат пен материалдар бағасының ұлғаюы кезінде өндірушілер бағасының өсуі, сондай-ақ реттелетін бағалардың сақталып отырған өсу әлеуеті ұсыныс жағында шоғырланған. Ақша-кредит саясатындағы трансмиссиялық тетіктің ұсыныстың күтілмеген өзгерісіне ықпалы шектеулі болатынын, ал инфляцияның бұл өзгерістерге бейім келетінін халықаралық тәжірибенің өзі көрсетіп отыр. Осы тәжірибені негізге ала отырып, Ұлттық Банк өз шешімімен жоғары инфляциялық күтулерге байланысты сұраныс тарапынан болатын тәуекелдерге барынша ден қояды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #Қазақстан #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);