AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ере...

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Білім және ғылым Бүгін 14:43 36 Дина
BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады
автордан

Соңғы қоңырау қарсаңында отандық тегін BilimClass электрондық журналы ерекше акция ұйымдастырып жатыр. Енді мектеп оқушылары мен ата-аналар платформа ішінде мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын жолдай алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

BilimClass мәліметінше, мұндай виртуалды сыйлықтар — жыл бойы балаларға білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегіне деген шынайы құрметтің белгісі.

 

«Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады», — дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен.

BilimClass — қазақстандық тегін электрондық журнал. Платформа құрамына мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және терең аналитика да кіреді. Жүйе толықтай отандық және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік береді. Бүгінгі платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы мен 300 мыңнан аса мұғалім қолданады.

 Платформаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан аса қызмет етіп келе жатқан Bilim Group IT холдингі әзірлеген. Бүгінде компания экожүйесіне OnlineMektep, BilimLand, BilimKids, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation және өзге де өнімдер кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);