AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатыст...

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Оқиға 23.05.2026, 15:51 633
Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайдың жоғалуына қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ерзат құрылыс нысанында геодезистің көмекшісі болып жұмыс істеген. Жақындарының айтуынша, оның жұмыста да, үйде де ешкіммен келіспеушілігі болмаған.

19 мамыр, сейсенбі күні ол әдеттегідей жұмысқа кеткен, алайда үйіне қайтып оралмаған. Туыстарының сөзінше, Ерзат күндізгі сағат 14:00 шамасында басшысынан дүкенге сұранып шыққан. Кейін автобусқа отырып, Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылы бағытына кеткені анықталған. Оның телефоны соңғы рет сол маңда қосулы болған. Қазір ұялы байланыс құрылғысы өшірулі.

Жоғалған азаматтың жұбайы Ерзаттың бұған дейін ешқашан ескертусіз үйден кетпегенін айтады. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есепте тұрмайды.

Анасы Талшы Құсайынованың айтуынша, Ерзат Райымбек даңғылындағы метроға түсіп, кейін қарсы бетке шығып, айналасына қараған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Анасының сөзінше, ол біреуді іздегендей әсер қалдырған.

«Ол ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін, бес уақыт намаз оқитын. Деструктивті діни ағымдарға қатысы жоқ. Ерзатты көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, бізбен байланысуын сұраймыз. Телефон: 8 771 400 77 76», – деді жоғалған азаматтың анасы.

Қазір Ерзатты туыстары, еріктілер мен полиция іздестіріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Бүгін 11:56

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38

Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль өндірілді

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);