AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қ...

Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?

Саясат Бүгін 10:52 36
Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айқындалған жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шартының біріне айналып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан цифрлық бастамадан жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге көшу үшін қажетті негізді қалыптастырып үлгерді. Философия, саясаттану мен дінтану институтының Цифрлық әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі Рүстем Мұстафин осылай деді.

Сарапшының айтуынша, мемлекет басшысы цифрландыруға, жоғары технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға жүйелі түрде басымдық беріп келеді. Бұл бағыттар оның сөзі мен жолдауында үнемі көрініс тауып отыр. Себебі қазір технологиялық өзгеріс экономиканың ғана емес, тұтас мемлекеттердің даму бағытын айқындайды.

«Президент Тоқаевтың заман ағымын ерекше сезіне білетінін айта кету керек. Ол жыл сайын әрбір дерлік сөзінде, баяндамасы мен жолдауында цифрландыру, жасанды интеллект мен жоғары технологияларды дамыту мәселесін Қазақстанның қазіргі заманғы дамуының басты басымдығының бірі ретінде атап өтеді», – деді Рүстем Мұстафин.

Сарапшы жасанды интеллектінің әлемдік технологиялық күн тәртібіндегі негізгі бағыттың біріне айналғанын айтты. Бұл үдеріске ірі технологиялық державалар ғана емес, сонымен қатар қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өз позициясын нығайтуды көздейтін мемлекеттер де белсенді түрде қосылды. Қазақстан жаңа технология беретін осы мүмкіндікті жіберіп алмауы керек.

«Сондықтан технологиялық даму бәйгесінен қалып қоймау, шартты түрде айтқанда, көштің соңында қалмау үшін президент бұл бағытқа айрықша басымдық беріп отыр», – деп толықтырды сарапшы.

Рүстем Мұстафиннің бағалауынша, Қазақстанда цифрлық шешімді кеңінен әрі іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін құқықтық база мен ішінара инфрақұрылым қалыптасқан. Еліміздің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету саласында да ауыз толтырып айтатындай жетістігі бар.

«Мұны жай ғана мақтау сөз деп ойлауға болмайды. Қазақстан цифрлық үкімет қызметін ұсыну бойынша әлемдегі жетекші орынның бірін иеленіп отыр», – деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлықүкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр

Бүгін 10:47

Президенттің тапсырмасы: бизнеске кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар айқындалды

Бүгін 10:33

Қазақстанда пәтер ұрлығы 23,3%-ға азайды - ІІМ

Бүгін 10:05

Қазақстан зейнетақы жүйесі әлем бойынша үздік ондыққа енді

Бүгін 09:35

Павлодар облысында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған заманауи желілік үдеткіш іске қосылды

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);