AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Президенттің тапсырмасы: бизнеске кредит беруді ке...

Президенттің тапсырмасы: бизнеске кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар айқындалды

Жолдау Бүгін 10:33 29
Президенттің тапсырмасы: бизнеске кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар айқындалды
ҚР Қаржы министрлігі

Пруденциялық және қаржылық шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының, екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы басшыларының қатысуымен бизнесті ұзақ мерзімді кредиттеуді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айтылған экономикаға кредит беру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды талқылады. Президент бизнесті инвестициялық кредиттеуге банктердің белсенді қатысу қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар экономиканың нақты секторын кредиттеу, ұзақ мерзімді банктік кредиттеуді дамыту және кредиттік ресурстардың, оның ішінде шағын және орта бизнес үшін қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарады.

Президенттің көмекшісі Н. Байбазаров басты міндет – алдағы жылдары екінші деңгейдегі банктердің экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыруын кеңейту үшін пәрменді шешімдер әзірлеу екенін атап өтті.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға және банктердің инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудағы және бағдарламаны іске асыру үшін қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар мен басқа да өнімдер өндірісін кеңейту үшін отандық кәсіпорындарға ұзақ мерзімді кредиттер берудегі рөліне ерекше мән берілетін болады.

Бизнесті кредиттеуді кеңейту үшін пруденциялық және қаржылық шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда. Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова олардың негізгілерін атап өтті, оның ішінде банктердің капиталына жүктемені азайтуды, бизнестің қолда бар қамтамасыз ету үшін кредиттер алу мүмкіндіктерін кеңейтуді, өтімділікті жабу және таза тұрақты қорландыру коэффициенттерінің ең төменгі мәнін ұзартуды, сондай-ақ синдикатталған қаржыландыруды кеңейтуді белгіледі.

Кеңес барысында екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары экономиканы қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және бизнес субъектілеріне кредит беруді кеңейту жөнінде ұсыныстар айтты

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ банктердің «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-пен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысушылар банктерді орнықты қорландыру көздерін кеңейту, валюталық кредиттеуді және жобалық қаржыландыруды дамыту мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша банктік кредиттеуді жандандыру, бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін күшейту бойынша нақты шараларды әзірлеуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтер ұрлығы 23,3%-ға азайды - ІІМ

Бүгін 10:05

Қазақстан зейнетақы жүйесі әлем бойынша үздік ондыққа енді

Бүгін 09:35

Павлодар облысында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған заманауи желілік үдеткіш іске қосылды

Бүгін 09:04

Жаңа өндіріс, оқу корпустары мен жолдар: Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту жобасы бес өңірде жүзеге асырылуда

Кеше 17:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);