AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыпп...

Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр

Заң мен тəртіп Бүгін 10:47 41
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр

Алматыда белгіленбеген орындарда отшашу атып, петарда қолданған тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мамандар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың тәртібін түсіндіріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы ескертіп жатыр. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес, қоғамдық тыныштық пен белгіленген тәртіпті бұза отырып, тыйым салынған орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолданған азаматтарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар пиротехникалық заттар тәркіленеді. Ал құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 30 АЕК-ке дейін өседі.

Айыппұл ауаны ластағаны үшін емес, пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін салынады. Алайда отшашулардың экологияға да кері әсері бар. Экологтардың айтуынша, жарылыс кезінде ауаға түтін, күйе және ұсақ зиянды бөлшектер таралады. Әсіресе, желсіз күндері бұл заттар ауада ұзақ сақталып, таралуы қиындайды.

Алдағы уақытта қосымша шектеу енгізу көзделіп отыр. 2027 жылы 8 қаңтарда Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларының азаматтық пиротехниканы шығарындылар деңгейі төмен аймақта (LEZ) пайдалануға тыйым салатын нормасы күшіне енеді.

Дегенмен жаңа норма күшіне енгеннен кейін отшашуға бүкіл қала бойынша бірден тыйым салынбайды. Шектеуді іске асыру үшін әкімдік алдымен LEZ аумағының шекарасын белгілейтін жеке қаулы қабылдауы керек. Содан кейін осы аумақта пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға қатысты экологиялық талаптар қолданылады.

«Eco Almaty» мамандары тұрғындарды отшашу мен петарда қолданудан бас тартуға, айналасындағылардың тыныштығын сақтауға және қаланың ауасын ластамауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отшашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның цифрлық болашағы: Президент жолдауы қандай мүмкіндікке жол ашады?

Бүгін 10:52

Президенттің тапсырмасы: бизнеске кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар айқындалды

Бүгін 10:33

Қазақстанда пәтер ұрлығы 23,3%-ға азайды - ІІМ

Бүгін 10:05

Қазақстан зейнетақы жүйесі әлем бойынша үздік ондыққа енді

Бүгін 09:35

Павлодар облысында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған заманауи желілік үдеткіш іске қосылды

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);