Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстанның тағы бір облысында өрт тұтанды

Қазақстанның тағы бір облысында өрт тұтанды

Оқиға 09.09.2022, 10:17 1,059
Қазақстанның тағы бір облысында өрт тұтанды
Сурет: Elorda.info

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар жанып жатыр.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 8 қыркүйек күні сағат 04:30-да түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жөнелтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өрт сөндіру бригадасы келген кезде мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Кендір сақал» орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 60 гектарға жетті. Онда құрғақ шөп пен бұталар өртенуде.



«Өрттің қылқан жапырақты орманға таралу қаупі бар. Дала өртін сөндіру бойынша ынтымақтастық жоспарына сәйкес облыс департаментіне Алакөл орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлері тартылды. Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қосымша жеке құрамы – 45 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт ошағына дейінгі қашықтық 490 шақырымды құрайды. Таңғы мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы болжам бойынша 200 гектарды құрайды. Өрт сөндіру жергілікті жердің таулы болуына, секундына 20 метрге дейін соққан жел екпіні мен метеожағдайға байланысты күрделенді», - деп атап өтті ведомстводан.



Өрт сөндіруге 173 адам, 1 тікұшақ, 16 техника, 70 аспалы бүріккіш және 6 жылқы жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #Жетісу облысы #Достық станциясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика