AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алға...

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді

Саясат 22.11.2024, 12:21 1,023 dulatbekova
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманның шақыруымен Хорватия Республикасына ресми сапармен келді.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Загребке сапары қазақ-хорват ынтымақтастығының дамуына жаңа сапалы серпін беретін екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы сапар, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Хорватия энергетика, көлік, соның ішінде азаматтық авиация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және инновация, сондай-ақ білім беру және туризм сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай әлеуетке ие екендігі аталып өтті.

ҚР СІМ басшысы Хорватия Қазақстанның Балқан мен Еуропалық Одақтағы бұрыннан келе жатқан және жақын серіктесі екенін мәлімдеді.

«Біз достық пен өзара сенімге негізделген барлық деңгейдегі мағыналы саяси диалогымызды жоғары бағалаймыз. Экономикалық өзара іс-қимыл – қазақ-хорват қатынастарының негізгі бағыттарының бірі», – деді М.Нұртілеу.

Хорватия Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Еуропадағы сауда серіктестері арасында үшінші орынға ие. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 432 млн АҚШ долларын құрады.Осы тұрғыда екінші отырысы 2025 жылы Астанада өтуі жоспарланған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде Хорватияның министрі Загреб Астанамен қарым-қатынасты одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда өзара тиімді әріптестікті ілгерілету үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мен Балқандағы әріптестік аспектілеріне, жаһандық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институты мен Хорватия дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хорватия #Сыртқы істер министрі #Қазақстан #алғашқы сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);