Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанның пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатын...

Қазақстанның пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Спорт 13.12.2022, 06:30 1,217
Қазақстанның пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Сурет: Inform.kz

Тек Ұлыбританияға есе жіберіп қойды.


Қазақстанның жалғыз құрамасы пара-хоккейден (следж-хоккей) С пулындағы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты.


Отандық параспортшылар үшін бұл жоғары халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Дебюттік турнирде спортшылар төрт матчта үш рет жеңіске жетті (7:0, 10:0 және 9:2) және турнир кестесінде екінші орынға табан тіреді. Тек Ұлыбританияға (0:6) есе жіберіп қойды.


Паралимпиада ойындарының чемпионатын ұйымдастырушылар қазақстандық құраманың ойынына тәнті болып, 2-орын алғанына қарамастан, 2023 жылы В тобында өтетін келесі чемпионатта өнер көрсетуіне жолдама берді.


«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық жобасы аясында қазақстандық құрамаға пара-хоккейден халықаралық жарыстарға дайындалуы және қатысуы үшін спорттық мүкәммал сатып алып берді. Жоба Қазақстан Республикасында паралимпиадалық хоккейді дамытуға және қолдауға бағытталған.


Әлем чемпионатында параспортшылар Қор табыс еткен 50 дана сырғытпа таяқпен өнер көрсетті. Сондай-ақ, құрамаға 16 шана жеткізіледі деп күтілуде. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоры 12,4 миллион теңге бағыттады.


«Парахоккей федерациясы 2021 жылы құрылды. Бастамашылар мүмкіндігі шектеулі, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар. Мақсатымыз – аяқ ампутациясы немесе кез келген басқа диагнозы бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу. Мысалы, спортшылар арасында аяғынан айырылған кәсіби футболшылар бар. Пара-хоккейге келіп, жаңа өмірді бастап, үмітке қол жеткізді деуге болады. Командамызда 18 адам, соның ішінде бір қыз және екі жаттықтырушы бар. Ең жасы 17-де, үлкені 57 жаста. Қоржынымызда жеңістеріміз де бар», - деді Астана қаласы пара-хоккей федерациясының басшысы Қайрат Сабыров.


Бұған дейін параспортшылар түрлі жарыстарға қатысып, жетістіктерге қол жеткізген. Биыл құрама Омбыда өткен «Сібір Кубогы» халықаралық турнирінде күміс, Ханты-Мансийскідегі «Біргеміз. Спорт» паралимпиадашылардың Қысқы ойындарында қола медаль жеңіп алды.


Өткен жылы Сочидегі «КХЛ Континент Кубогы» хоккейден халықаралық турнирде төртінші орынды иемденді. Қалыпты қызмет мерзімі небәрі 5 жыл болса да, бұл жарыстарда 2017 жылы сатып алынған мүкәммал қолданылып келді. Сондықтан, Астана қаласының пара-хоккей федерациясы «Қазақстан халқына» қорына жүгініп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, хоккейге арналған шана мен сырғытпа таяқ сатып алуға көмек сұрады.


«Пара-хоккей – паралимпиадалық спорт түрі және біз оның Қазақстандағы даму мүмкіндіктерін байқап отырмыз. Жігіттеріміздің қарқыны ерекше, жеңуге дайын. Осы уақыт ішінде пара-хоккеймен айналысқысы келетін жанкүйерлеріміз бен пікірлес жандарды таптық. «Қазақстан халқына» қоры ұсынысымызға жауап беріп, мүгедек спортшыларды қолдағанына ризамыз. Бұл біз үшін күшті мотивация, ынта-жігерімізді одан ары арттыра түсті»,- деді Қайрат Сабыров.


Аймақтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған мұз сарайларының болмауына байланысты пара-хоккей жеткілікті дамымаған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жалғыз Мұз сарайы Астанада «Тарлан» спорт кешенінде орналасқан.


«Қазақстан халқына» қорында спорт мүгедек адамдарды әлеуметтендірудің тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті. Қор «Тұсау кесер» бағдарламасы аясында ерекше балаларға арналған еліміз бойынша бес дене шынықтыру-сауықтыру үйірмесін ашты. Сондай-ақ, еліміздің пара-атлеттері үшін спорттық-жүгіру протездерін жасау бойынша қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда.


Құраманың Астанаға оралуы 14 желтоқсанда сағат 19:30-да жоспарланған.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хоккей #Қазақстан #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика