Қазақстанның ОСК Жигули Дайрабаевтың құжаттарын қабылдады

Қазақстанның ОСК Жигули Дайрабаевтың құжаттарын қабылдады Сурет: Kazvedomosti.kz

Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.


Жигули Дайрабаев «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарын ОСК-на тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:




  1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

  2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері», - делінген ОСК ақпараттық хабарында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14