AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші өсті

Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші өсті

Экономика 21.12.2021, 10:14 2,195
Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші өсті
Сурет: 24.kz

Қазақстан экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетіп, пандемияға сәтті бейімделді.


Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, ЖІӨ 3,8% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Қаңтар-қазан айларында елдің сыртқы сауда айналымы 82 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық. Сондай-ақ экспорт көлемі 49 млрд доллардан асып, 23,5% сенімді өсім көрсетті.



«Барлық сала бойынша оң динамиканы байқап отырмыз. Өңдеу өнеркәсібі, электрмен, сумен жабдықтау жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Сондай-ақ бізде ақпарат пен байланыс саласы да айтарлықтай өсім көрсетті. Ал сауда қайта қалпына келіп, серпінді өсім көрсетуде. Құрылыс саласында да өсім байқалып тұр», - дейді  ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті басқармасының басшысы Қалыбек Мағзұм.



2021 жылы нақты сектордың өсуі, сауданың дамуы, жоғары инвестициялық белсенділік Қазақстан экономикасының сенімді дамуының факторына айналды. Биылғы жылы капитал салымдары негізінен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және сауда сияқты салаларға бағытталды.



«Инвестициялар бойынша соңғы 2 айда өсім оң динамика көрсетіп отыр. Қазір өсім 2,6% құрайды. Бұл жерде біздің өндіруші емес саладағы инвестициялардың өсіп келе жатқанын атап өту керек. Жалпы алғанда тау-кен өндіру саласын қоспағанда, өсім 17,1% құрады. Экономиканың белсенді өсу факторларының бірі осы», - деді ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті басқармасының басшысы Қалыбек Мағзұм.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖІӨ #сауда айналымы #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);