конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре...

Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады

Экономика 16.05.2024, 14:01 841 dulatbekova
Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады
Сурет: Gov.kz

Бұл шешім гидрометеорологиялық жағдайға және ел аумағындағы суқоймалардың мұздан толықтай тазартылуына байланысты қабылданды

Осы ретте Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетіне қарасты «Қазақстан су жолдары» РМҚК жүк кемелерінің қозғалысы басталатыны туралы мәлімдейді, Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, жоғарғы Ертіс су бассейнінде кемелер 1 мамырдан бастап жүре бастаса, Семей филиалында 25 сәуірден бастап, Павлодар филиалында 23 сәуірден, Орал-Каспий су бассейнінде 1 сәуірден, Іле-Балқаш су бассейнінде 1 сәуірден және «Гидротехникалық құрылыстар» филиалында 5 мамырдан бастап қозғалыс басталып кетті.

Өз кезегінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК отандық кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда, 1855 қалқымалы және 771 жағалаудағы навигациялық белгі орнатылды.

Еліміздегі жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 2104 шақырымды құрайды. Қазақстан бойынша барлығы 795 өзен көлігі және 19 мың шағын көлемді кеме тіркелген.

Айта кетерлігі, су объектілеріндегі навигациялық кезең – бұл гидрологиялық жағдайларды ескере келе, су жолдарының мұздан толық тазартылуы әрі суқоймаларды қозғалыс үшін пайдалануға болатын уақыт аралығы. Су көлігіндегі навигациялық кезең табиғи-климаттық жағдайларға және су жолдарының гидрологиялық режимімен тығыз байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүк кемелері #ішкі жолдар #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);